Қысқы демалыс
Абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді. Шаңғы, коньки тебу, сырғанау, аққала жасау, қарға аунап ойнау, міне, қыс мезгілін осындай ерекшелігі үшін кішісі де, үлкені де асыға күтеміз. Орталығымыздың үйірме мүшелері де қысқы демалыстарын осылай тиімді әрі өте қызықты өткізуде.
«Шексіз әлем балалар көзімен» атты облыстық байқауы
БҚО Білім басқармасының облыстық экологиялық – биологиялық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 27 қараша күні ерекше білімді қажет ететін балалар шығармашылығын дамытуға, табиғатқа
«Шексіз әлем балалар көзімен» атты облыстық байқауы
БҚО Білім басқармасының облыстық экологиялық – биологиялық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 27 қараша күні ерекше білімді қажет ететін балалар шығармашылығын дамытуға, табиғатқа, отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімдерді тәрбиелеу, жағымды көңіл-күй қалыптастыру мақсатында «Шексіз әлем балалар көзімен» атты облыстық байқауы өткізілді.
«Экологиялық квест»
БҚО білім басқармасының облыстық экологиялық – биологиялық орталығы үйірме мүшелері және педагогтары ағымдағы жылдың 11 -12 қазан күндері облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп – интернат кешені мен облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаты тәрбиеленушілеріне «Мейірбандық күндері» атты облыстық қайырымдылық айлығы шеңберінде «Экологиялық квест» өткізді. Оқушылар өте қызығушылықпен қатынасып, экологиялық ребус жұмбақтар шешіп, экологиялық мозайқалар құрап, қара жәшіктен жасырынған жануарларды тауып, арнайы түрлі – түсті қораптарға қоқыс орналастыру ойындарын ойнады. Орталықтардың ауласына сумах (сірке ағашы), жылауық тал көшеттері егілді. Бұндай акциялар өз жалғасын алдағы уақытта табады.
Халықаралық жас зерттеушілер экспедициясы (Самара облысы, РФ)
Білім басқармасының 2018 жылғы 5 шілдедегі № 616 бұйрығына және жұмыс жоспарына сәйкес облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен оқушылардың биология, экология, география саласындағы білімдері мен шығармашылықтарын арттыруға және мамандық таңдауға мүмкіндік беру, Жигулев мемлекеттік қорығымен танысу мақсатында ағымдағы жылғы 26-28 шілде аралығында РФ Самара облысында халықаралық жас зерттеушілер экспедициясы өткізілді. Экспедицияға облыстық жас натуралистер мен зерттеушілер слетінің жеңімпаздары, облыстық экологиялық-биологиялық орталығының педагогтері мен үйірме мүшелері қатысты.
«Шыңғырлау ауданының ландшафтарын зерттеу» экологиялық экспедициясының қорытындысы туралы