БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Жаңа жылдық мереке

2017 жылдың 24 желтоқсан күні облыстық экологиялық – биологиялық орталығының үйірме мүшелеріне арналған жаңа жылдық мереке өтті. Оқушылар әр түрлі жаңа жылдық костюмдерін киіп, шырша айналып, Аяз ата мен Ақшақарға өнерлерін көрсетті. Теледидардан тамашалап жүрген «Миньондар» мен «Спанч боб» мультфильм кейіпкерлері жаңа жылдық мерекеге келіп, балаларға позитивті көңіл – күй сыйлап, ойындар ойнатып, мерекенің көркін келтірді. Соңы би кешімен жалғасып, балалар көтеріңкі көңіл – күймен тарады.