БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
«Жүректен жүрекке» экологиялық қайырымдылық акциясы өз жұмысын бастады

Облыстық  экологиялық - биологиялық  орталығының  2018  жылғы жұмыс жоспарына  сәйкес «Жүректен жүрекке» экологиялық қайырымдылық акциясы өз жұмысын бастады. Бүгін 6 ақпан күні Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп - интернатында «Жүректен жүрекке» экологиялық қайырымдылық акциясы аясында облыстық экологиялық – биологиялық орталығының педагогтары оқушыларға жануарлар әлемімен таныстыру мақсатында фильм көрсетіп, «Экоквест» ойынын және бөлме гүлдерін күтіп – баптауға арналған шеберлік сыныбын өткізді. Мектеп оқушыларымен қатар тәрбиешілері де бүгінгі акцияға жоғары қызығушылықпен қатысып, үлкен белсенділік танытты. Акция алдағы уақытта да өз жалғасын табады.