БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
«Гүл мереке, күн мереке»

Облыстық Білім басқармасы облыстық экологиялық - биологиялық орталығының 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 16 наурыз күні отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік жандыларды әсемдікке, іскерлікке баулу, оқушылардың бөлме гүлдері туралы білімдерін кеңейту, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында облыстық экологиялық - биологиялық орталығында «Гүл мереке, күн мереке» атты байқауы өткізілді.

Байқауға педагогтарымыз, орталығымыздың әр үйірмесінен қыз - қызғалдақтарымыз асыл аналарымен бірге қатысты. Байқаудың ерекшелігі мен қызықты жағы барлық тапсырмалар тек гүлдермен байланысты болды және қатысушыларымыз да әр тапсырманы қызығушылықпен орындап, өте жоғары белсенділік танытты. Қазылар алқасы байқау бойынша өз пікірлерін білдіріп, қатысушыларды диплом және естелік сыйлықтармен марапаттады.