БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Облыстық жазғы далалық «Бір апта табиғат аясында» ІІ –ші экологиялық мектебінің Ережесі

Облыстық жазғы далалық «Бір апта табиғат аясында»

ІІ –ші экологиялық мектебінің

Ережесі

Қашықтықтан өткізілетін жазғы жазғы далалық ІІ –ші экологиялық мектептің мақсаты - педагогтер мен оқушылардың  биология, экология бойынша білімдері мен шығармашылық қырларын жетілдіруге мүмкіндік беріп, ғылыми – зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттырып, қоршаған ортаны зерттеуде практикалық білімдерін дамыту.

Міндеттері:

 - далалық және өлкетану зерттеулерінің тәжірибелік дағдыларын дамыту, жобалық қызметке дағдылану;

-  экологиялық проблемаларды шешуге қатысуға тарту.

  1. Өткізу уақыты мен орны

1.1. Жазғы далалық ІІ - ші экологиялық мектеп қашықтық форматында өткізіледі.

Экологиялық мектептің ашылуы: 21 шілде 2020 жыл сағат 15.00 онлайн –Zoom арқылы өтеді (алдын ала сілтемесі жіберіледі).

1.2.Теория бөлімі онлайн -Zoom арқылы белгіленген уақытта, практикалық бөлімі педагогпен оқушының қатысуымен жергілікті жерде өткізіледі.

2.3.Қатысушының (жетекші, оқушы) Т.А.Ә. туған жылы, мектептің мекен-жайы, мамандығы мен қызметі, оқушының сыныбы және жетекшінің WhatsApp нөмірі көрсетілген жазғы далалық ІІ – ші экологиялық мектепке қатысу туралы Орал қаласының және аудандық білім беру бөлімдерінің басшыларының қолы қойылған сұраныс 2020 жылдың 17 шілдесіне  дейін облыстық экологиялық-биологиялық орталығы, тел/факс 50-47-97, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. бойынша қабылданады.

  1. Қатысушылар

Қашықтықтан өткізілетін жазғы далалық ІІ - ші экологиялық мектепке облыстық І - ші экологиялық мектепке қатысқандар және жалпы орта білім беретін мектептерінің, облыстық мектептердің және мектептен тыс жұмыстар орталығының педагогтері мен оқушылары қатысады. Әр ауданнан 2 педагог 2 оқушы, қаладан 4 педагог, 4 оқушы қатыса алады.

  1. Жұмыстардың мазмұны

3.1. Теория бөлімі онлайн – Zoom арқылы белгіленген уақытта, практикалық бөлімі педагог пен оқушының қатысуымен жергілікті жерде өткізіледі. Теория өтер алдында алдын - ала сілтеме жіберіледі.

3.2. Жоспар – кестесі:

Тақырыбы

Барлық сағат саны

Теория (онлайн –Zoom арқылы)

Практика (тұрғылықты жерде жүргізіледі)

1

Кіріспе. Аумақтың физикалық-географиялық сипаттамасы.

4

1

3

2

Экожүйелер, табиғаттағы трофикалық байланыстар. Тіршілік пирамидасы. Қоректену тізбектерін құру.

4

1

3

3

Флористика. Зерттелетін жердің  өсімдіктерінің түрлік құрамы. Ағаштар мен бұталарды, шөптесін өсімдіктерді тұқымдары, қабығы, жапырақтары бойынша анықтау. Гербарий жинау.

4

1

3

4

Орнитология. Анықтағыштармен жұмыс, осы жердің құстарының сипаттамасын құру. Құстарды дауысы бойынша анықтау. Құстарды сандық есепке алу әдістері.

4

1

3

5

Жеке және топтық практикалық жұмыстарын ұсыну

4

1

3

6

Сынақ

4

 

 

 

Барлығы

24

5

15

           

3.3. Есеп үлгісі:

          - жұмыс күнделігі

          - топтамалар, кеппешөптер

          - фото және бейнематериалдар

3.4. Жазғы далалық ІІ – ші экологиялық мектепті қорытындылау: жүргізілген зерттеулер бойынша педагогтер мен оқушының есептерін қабылдау, келесі жылға жұмыстануға тапсырмалар беру.

         Тәжірибелік зерттеулер, жинақталған материалдар жазғы далалық экологиялық мектептің қорытындысы бойынша жазылатын есептерде, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылуы қажет (жұмыстың дұрыстығы, жүйелілігі, нақтылығы және эстетикалық безендірілуі ескеріледі). Есеп 2020 жылғы 31 шілдеге дейін облыстық экологиялық-биологиялық орталығы, тел/факс 50-47-97, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. бойынша қабылданады.

  1. Жазғы далалық ІІ экологиялық мектептің

қатысушыларына қойылатын талаптар

4.1. Педагогтер мен оқушылардың қауіпсіздік ережесін, эпидемиялогиялық талаптарды сақтауы.

4.2.Жазғы далалық экологиялық мектепке қажет құралдардың (жазбалар үшін блокнот, қарындаш, дүрбі (бар болса), анықтағыштар, кеппешөптерге папкалар, газеттер, энтомологиялық сүзгілер, морилкалар т.б.) болуы

  1. Күтілетін нәтижелер

Жазғы далалық  ІІ экологиялық мектептің нәтижесі бойынша  әдістемелік құралдар шығару. Жазғы далалық ІІ экологиялық мектептің қорытындысын БАҚ-та жариялау.