БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
«Шексіз әлем» атты облыстық қашықтықтан өткізілетін байқауының ережесі

ББ 2020 жылғы «_____»________    

                                                                                                    №______бұйрығына

                                                                                                1– қосымша

 

 

 

 

 

 

«Шексіз әлем» атты облыстық қашықтықтан өткізілетін

байқауының ережесі

Жалпы ережелер

1.1. «Шексіз әлем» облыстық байқауының өткізу ережесі оның мақсатын, өткізу тәртібін және қаржыландыруын анықтайды.

1.2. Байқаудың мақсаты: Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар  тұлғасын тиімді дамыту және оны қоғамда биімдеу, ой- қиялын дамыту, туған өлкенің табиғатын сүйу және патриоттық сезімін тәрбиелеу

1.3. Байқаудың міндеттері:

- өскелең ұрпақтың бойында өлкетану қызметін белсендіру арқылы белсенді өмірлік  позициясын қалыптастыру;

-  өскелең ұрпақты азаматтыққа және патриотизмге тәрбиелеу;

- туған өлкені танып - білу негізінде білім алушылардың шығармашылық потенциалдарын ынталандыру және дамыту;

-  шығармашылыққа, өнерге тәрбиелеу.

 

2.Байқауға қатысушылар

2.1. Байқауға тек Батыс Қазақстан облысының облыстық, аудандық (қалалық) білім беру ұйымдарында оқитын ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар 9-13 жас аралығында  қатыса алады.

3.Өткізу тәртібі және шарттары

3.1.Байқау қашықтықтан өткізіледі:

бірінші кезең (іріктеу) - аудандық, қалалық;

екінші кезең – облыстық.

3.2. Екінші кезең 2020 жылғы 2 – 5 қараша аралығында өткізіледі.

3.3. Байқауға  қатысушылардың сұраныстары 2020 жылғы 23 қазанына дейін ұйымдастыру комитетіне тел/факс 50-47-97, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. жіберіледі. Байқауға алдыңғы жылы қатысып орын алған оқушылар қатыса алмайды.

3.4. Байқаудың ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.

  1. Байқау кезеңдері мен мерзімі

3.1. Байқау 3 номинация бойынша қашықтықтан өтеді:

  1. 1. «Қазақстан-туған өлкем,табиғаты қандай көркем!» - суреттер байқау тақырыбына сәйкес келу керек (тақырып бойынша сурет салу). Суретті әр түрлі әдістермен салуға болады (тушь, майлы бояу, гуашь, акварель, пастель, түрлі - түсті карандаштар, фломастер, қарандаш,  аралас техникалар және т.б.). Барлық ниет білдіруші оқушылар қатыса алады.

Орындалған суреттердің 3 фотосуреттері ұсынылады (Жұмыс барысынан). Суреттер e -mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. жіберіледі.

Сурет байқауын қазылар  алқасының  бағалау  критерийлері: тақырыпқа сәйкестігі, нақтылығы, суреттің (жұмыстың) ашықтығы және көркемдігі, ақпараттың деңгейі, қиялы және өзіндік идеясы, орындалу сапасы.

  1. «Хэнд-мэйд –өз қолыңмен жасалған ғажайыптар» номинациясы бойынша еркін стильдегі қалдық заттардан жануарлар бейнесін, гүлдер жасау. Орындалған суреттердің фотосуреттері ұсынылады (3 фотосурет) (Жұмыс барысынан).

Бағалау критерийлері: жұмыстың берілген тақырыппен сәйкес келуі; орындау техникасы мен сапасы; материалды тиімді қолдануы; эстетикалық безендірілуі, талғамы, қиялы; шығармашылық қиялдары мен дизайнерлік ойлары. Барлық ниет білдіруші оқушылар қатыса алады. Жасалған жұмыстар фотосуреттері e -mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. жіберіледі.

  1. Мәнерлеп оқу байқауы «Табиғаттың әсемдігі» -оқушы ақындарымыздың 1 өлеңін жатқа оқу және өзі шығарған өлеңін оқиды. Өлең оқу ұзақтығы 3 минуттан артық болмауы тиіс. Барлық ниет білдіруші оқушылар қатыса алады. Видео түсірілім жіберіледі.

Бағалау өлшемдері: өлең тақырыбының ашылуы мен мазмұны, өлеңін құрылысы мен көркемдігі,  мәнерлеп оқуы, дауыс дикциясы, сахна мәдениеті.

Видео түсірілім e -mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. жіберіледі.

  1. Қорытындылау және марапаттау

«Шексіз әлем» атты байқауының әр номинациясы бойынша жеңімпаздар білім басқармасының грамоталармен және сыйлықтарымен марапатталады.

  1. Күтілетін нәтиже

-  Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың экологиялық дүниетанымын тәрбиелеу;

-  Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың ортада өздерін еркін ұстауға баулу;

- Байқау номинациялары бойынша  оқушылар жұмыстарынан әдістемелік жинақ шығарылып, тарату.