БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Облыстық "Құйрықты сәнқойлар" экодефиле байқауын өткізу туралы ереже

ОЭБО 2021 жыл «____»_______

№_________ бұйрығына

                                                                                                                1–ші қосымша

 

Облыстық "Құйрықты сәнқойлар"

экодефиле  байқауын өткізу туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

 

Осы Ереже облыстық "Құйрықты сәнқойлар" экодефиле байқауының мақсаттарын, міндеттері мен тәртібін анықтайды. Байқаудың ұйымдастырушысы облыстық экологиялық-биологиялық орталық болып табылады.

 

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

 

         Мақсаты: Жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыру және жануарлар әлеміне назарын аудару.

 

Міндеттері:

  1. Балалардың шығармашылық әлеуетін ашу;

2.Қолға үйретілген жануарларға деген жауапкершілік, мейірімділік сезімдерін ояту;

3.Жануарға деген  ұқыптылыққа,зейінділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

 

  1. Байқауға қатысушылар

 

Байқауға БҚО білім беру мекемелерінің оқушылары жас шектеуінсіз қатысады.

 

  1. Өткізу мерзімі

 

Конкурс 2021 жылдың 5-8 қаңтардан бастап қашықтық форматта өткізіледі. Конкурсқа қатысу үшін 05 қаңтарға дейін өтінім (1-қосымша) мен бейнероликті электрондық мекенжайға жіберу қажет: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.. немесе WHATS UPP бойынша тел: 8 777 287 1990

Өтетін орны: Облыстық экологиялық-биологиялық орталық.

Мекен-жайымыз: Орал қаласы, Рысқұлбеков көшесі 49.

Анықтама телефоны: 50-47-97, 8 777 287 1990

 

Қосымша 1

Қатысушының аты-жөні

Жануарының лақап аты

Байланыс деректері

(тел., e-mail)

Байқауға қатысушы жануардың киімінің атауы (мипаттама)

       
  1. Байқаудың өткізу тәртібі

 

  1. Байқауға қатысушыға: өз үй жануарына (мысық, ит, қоян, тотықұс, тасбақа және т.б. үй жануарлары) өз бетінше бейне (сәнді киім, стильді костюм, сәнді бас киім және т. б.) жасау қажет.
  2. Костюмді қатысушы қалдық материалдан (мата қалдықтары, иірімжіп, қажетсіз киім, пайдаланылған аксессуарлар және т.б.) өзі тігуі тиіс. Үй жануарларына арналған сатып алынған киім элементтерін өз қолдарымен өңдеуге рұқсат етіледі (мысалы, дайын комбинезон негізіндегі жаңа бейне).
  3. Презентация.

 

Презентация мазмұны:

- Танысу

 

Үй жануарларын таныстыру (лақап аты, жасы,мінез-құлқы,манера)

- Бейненің қалай жасалғаны, киімнің қандай материалдардан тігілгені,кім көмектескені және т. б.

- Дефиле

 

Қатысушы подиум ұйымдастырып, оған үй жануарларымен жасаған бейнені подиумнан  өткізу арқылы көрсету кажет. Дағдыларын және трюктерді көрсетуге жол беріледі.

 

Конкурсқа ұзақтығы үш минуттан аспайтын бейнеролик жіберіледі. Бейнематериалда костюм дайындау сәттері, презентация және дефиле бейнеленуі тиіс.

 

Бағалау критерийлері:

          Байқау материалдары келесі критерийлер бойынша бағаланады:

  1. Үй иесі мен үй жануарының, байқауға қатысушылардың өзара қарым-қатынасы;
  2. Костюм дайындаудағы шығармашылық тәсіл (идеяның креативтілігі және оны іске асыру, жасалған бейненің бірегейлігі);
  3. Костюмнің эстетикасы;
  4. Бейненің экологиялығы (қалдық материалды пайдалану);
  5. Сахналық шеберлік және көрсетілімнің мәнерлілігі, дене тұрысы, қимыл, ым-ишара (дефиле).

 

  1. Қорытындылау

 

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, БҚО білім басқармасының дипломдарымен марапатталады. Конкурс қорытындылары мен жеңімпаз дипломдары 2021 жылғы 9 қаңтарда сайтта http://detzoo-zko.kz/ru / және Facebook әлеуметтік желісінің беттерінде жарияланатын болады.