БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
«ЭКСПО – 2017» шеңберінде "Қазақстан - менің елім" жас экологтардың облыстық форумының қорытындысы

БҚО білім басқармасының Облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен  оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру,  қоршаған ортаны қорғау бойынша шығармашылық жұмыстарға қызығушылығын қолдау 30 наурыз күні «ЭКСПО – 2017» шеңберінде  "Қазақстан - менің елім" жас натуралистер мен экологтардың облыстық форумы өткізілді.
Форумда  9 аудан,  Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік Мектебінен, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатынан, Орал қаласы №№31, 46 жалпы орта білім беретін мектептерінен, №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясынан 70  қатысушы болды.
  Форум келесі бағдарлама бойынша өтті:
1. Құстар Күніне орай «Қанатты достарымыз» шығармашылық жұмыстар көрмесі:
- «Туған өлке құстарына қамқорлық» - фотобайқауы:
-  «Құстар үйшігі» -  ұялар байқауы.

2. Зерттеу жұмыстары мен жобалық байқау:
-  «Жасыл экономика» номинациясы:
- «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы
- «Туған өлкені зерттейміз» номинациясы
- «Экоәлем» номинациясы
3. «Табиғаттың қорғау шеңбері» экологиялық квесті
Форум қорытындысы бойынша Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Орал қаласының №31 ЖОББМ, Ақжайық және Бөкейордасы аудандарының оқушылары үздік деп танылды.