БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
«Экспо-2017» шеңберінде «Қазақстан – менің елім» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің Республикалық форумының қорытындысы туралы хабарлама

ҚР Білім және ғылым министірлігі мектепке дейін және жалпы білім беру департаментінің ағымдағы жылдың 15 тамызындағы № 11-4/438 хатына сәйкес және білім басқармасының 2017 жылға арналған шаралар жоспарына сәйкес «Туған жер» бағдарламасын іске асыруда білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында ағымдағы жылғы 21-23 қыркүйек күндері «Экспо-2017» шеңберінде «Қазақстан – менің елім» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің Республикалық форумы өткізілді.

Форумда 13 облыс, Астана, Алматы және Орал қаласынан 144 қатысушы катысты.

Қазылар алқасы Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласының және Атырау облысының жақсы дайындықтарын атап көрсетті. Форум жұмысы «Евразия» туристік - сауықтыру кешенінде және Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілді.

Республикалық форум жұмысы төмендегідей жоспарда өткізілді:

1. Зерттеу жұмыстары мен жобалық байқау:

 «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы

 «Жасыл экономика» номинациясы

 «Туған өлкені зерттейміз» номинациясы

 «Экоәлем» видеороликтер номинациясы

         2. «Құс қанатындағы арман» акциясы

         3.«Құтқару шеңбері» экологиялық квесті 

         4.«Жасыл оазис» экодизайнерлер номинациясы