БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Облыстық «Күзгі өнімдер» байқауы жөнінде хабарлама

Білім басқармасының 2017 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес «Туған жер» бағдарламасын іске асыруда ең  үздік оқу-тәжірибе үлескесінің тәжірибесін насихаттау, өскелең ұрпақты экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу, үздік ұжымдық – шығармашылық істер тәжірибесін жетілдіру, еңбекке  деген жауапкершілігін арттыру мақсатында 29 қыркүйекте облыстық экологиялық-биологиялық орталығы облыстық «Күзгі өнімдер» байқауын өткізді.

Сонымен қатар, облыстық «Мектеп жанындағы үздіқ оқу -тәжірибе үлескесі», «Гүлденген мектеп» және «Фитодизайн» сырттай  байқауыларының жеңімпаздарын атап өтті.

«Күзгі өнімдер» байқау  4 номинация бойынша өтті:

-  «Табиғат ғажайыптары» әдеттегідей емес өнімдер;

-  «Әдемілік сәті» мүсіндер;

-  «Күзгі қиял» гүлдер композициясы;

-  «Күзгі мотивтер» костюмдер.

Байқауға  барлық 11  аудан, облыстық мекемелер және қалалық мектептер қатынасты. Барлығы 64-тен астам қатысушы.

Үздік дайындықпен  Бөрлі, Тасқала, Қаратөбе аудандары және Облыстық балалар үйі келді.