БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
«Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне» арналған байқаудың қорытындысы

Облыстық экологиялық – биологиялық орталығының 2017 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 1 қазан «Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні» мерекесіне арналған табиғатты сүйе отырып және түсіне білуге баулу, жануарларды корғауға, күтіп, бағуға үйрету, байқампаздыққа баулу, жануарлар әлемінің сан алуандығы, олардың тіршілігі туралы түсінік беру мақсатында 14 қазан күні облыстық экологиялық-биологиялық орталығында «Жануарлар әлемінде»  байқауы өткізілді.

Байқауға 8 үйірме  «Следопыт», «Жасыл желек», «Жануарлар әлемі»,  «Табиғат сырлары»,  «Жас эколог»,  «Жас энтомолог»,  «Зоотехнология», «Жас зоолог» үйірмелері қатысты.

 Сонымен қатар  «Жануарлар әлемінде» атты байқау 4 кезеңнен тұрады:

1. «Таңғажайып жануарлар әлемі» номинациясы - суреттер байқауы;

2. «Қызықты жануарлар» - фотосуреттер байқауы;

3. «Біздің кіші бауырларымыз» номинациясы - қолдан жасалған бұйымдар байқауы;

4. Экологиялық квест «Жануарлар әлемінде».

 

Барлығы 50-ден астам қатысушы болды. Жеңімпаздар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.