БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Біз туралы

Батыс Қазақстан облысы  Білім басқармасы 
Облыстық экологиялық –биологиялық орталық 
Объективті – анықтама 
Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы МКҚК 
Мекен-жайы: Орал қ. Рысқұлбеков көшесі, 49, тел:50-47-97 е-mail: detzoo@ mail.ru

Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы 1958 жылы құрылды. Батыс Қазақстан облысы  әкімдігі білім басқармасының «облыстық экологиялық –биологиялық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Батыс Қазақстан облысы  әкімдігінің 2007 жылғы  5 желтоқсандағы №275 «Облыстық білім беру  жүйесінде  мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорындар  құру  туралы» шешімі негізінде  өзгертілді.

білім беру жүйесінде оқыту  бағдарламаларын  меңгеру  үшін жағдай  туғызу арқылы  өндірістік-шаруашылық іс-әрекетті жүзеге асыру,  жеке тұлғаның  шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салтын және  тұрақты  адамгершілік негіздерін қалыптастыру, биология ғылымына, тәжірибе  және  зерттеу  жұмыстарына қызығушылығын ояту

- жұмыс  бағытына сәйкес слеттер, конференциялар, фестивальдер, байқаулар, жалпы  шаралар ұйымдастыру және өткізу, балалар хайуанаттар бағына, жылыжайға экскурсиялар жүргізу;

- экологиялық-биологиялық қызметі  бағытында  дарынды  балалармен жұмыс, ғылыми-ізденіс  жұмыстары, оқушылардың жоба  жұмыстары.

Орталықтың жобалық қуаты -50 орын. Мекеме Орал қаласында Шаған өзенінің жағасында орналасқан. 

Орталық иелігінде оқу  ғимараты, балалар хайуанаттар бағы,  бұталы және сәндік қолданбалы өсімдіктердің 150-ден астам түрі  өсірілетін оқу-тәжірибе  үлескесі, дендрария және жылыжайы бар.

 

Буклет ОЭБЦ каз.