БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Жер иесі

ББ 2021 жылғы «03»02    

                                                                                                    №96бұйрығына

                                                                                                    1 – қосымша

 

 «Жер иесі»  облыстық сырттай байқауының ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

Облыстық сырттай байқаудың негізгі мақсаты:

  • білім беру мекемелерінің сыртқы және ішкі көгалдандыруына баса мән беріп, білім мен тәрбие берудегі басты құрал ретінде маңыздылығын арттыру.

Міндеттері:

  • оқушылардың бойында экологиялық сана қалыптастыру;
  • бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру;
  • үздік іс - тәжірибені тарату және 30 жылда жасалған экологиялық қызметін көтермелеу.  
  1. Байқаудың уақыты және орны

       2.1 Байқау 2020 жылғы 12 ақпан – 2 қыркүйек аралығында  облыстық экологиялық - биологиялық  орталығының ұйымдастыруымен өтеді.

       2.2. Аудандық және қалалық білім беру бөлімдері,  облыстық білім беру мекемелері 20 мамырға дейін байқауға қатысатын мектептер тізімін ұйымдастыру комитетіне беруі қажет.

       2.3.Жұмыстар 2021 жылғы 15 тамызға дейін  мына мекен-жайға жолдануы тиіс: Орал қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі 49, облыстық экологиялық-биологиялық орталығы, тел/факс. 50-47-97, e-mail:  detzoo @ mail.ru

       2.4. Әр номинация бойынша аудандардан 2 жұмыс, Орал қаласынан 3 жұмыс, облыстық білім беру мекемелерінен 1 жұмыс қабылданады. Жұмыстар тек сұраныстар бойынша қабылданады.

  1. Қатысушылар

        3.1 Байқауға  мектепке дейінгі білім беру мекемелері, жалпы  орта білім беретін  мектептері, облыстық білім беру мекемелері,  қосымша білім беру орталықтары қатыса алады. Облыстық байқауға мектеп жанындағы тәжірибе үлескісі, сыртқы және ішкі көгалдандыру номинациялары  бойынша үш жыл бойына жүлделі орын алған мектептері қатыспайды.

  1. Өткізу тәртібі және шарттары

        4.1 Байқау екі кезеңде өткізіледі:

бірінші кезең (іріктеу) – қалалық, аудандық 2021жылғы 10 тамызға дейін;

екінші кезең  – облыстық 2021 жылғы 2 қыркүйекке дейін.

  1. Жұмыс мазмұны және оларды рәсімдеу

     Байқау алты номинация бойынша өткізіледі:

  1. «Үздік мектеп жанындағы оқу- тәжірибе үлескісі» номинациясы  

Материалдар презентация түрінде, PowerPoint немесе облако@mail.ru. бағдарламасында электронды түрде тапсырылады.

Презентация он беттен артық болмауы керек.

Презентацияның мазмұны:

  • мектеп жанындағы тәжірибе үлекісіне жауапты адамды бекіту туралы
  • мекеме басшысының бұйрығы;
  • мекеме басшысының қолымен бекітілген жұмыс жоспары;
  • көрнекі-иллюстративті материалдар (кестелер, суреттер, бақылау
  • күнделіктері);
  • оқу-зерттеу және тәжірибе жұмыстары;
  • фото, видео және басқа материалдар.
  1. «Үздік мектеп жылыжайы» номинациясы

 2020 жылы жеңімпаз атанған мектептерден басқа аудандық білім беру бөлімдерінің берген тізімі бойынша барлық жылыжайлары бар мектептер қатысады.

Материалдар презентация түрінде PowerPoint немесе облако@mail.ru. бағдарламасында электронды түрде тапсырылады.

Презентация он  беттен артық болмауы керек.

  • мектеп жанындағы жылыжайға жауапты адамды бекіту туралы мекеме
  • басшысының бұйрығы;
  • мекеме басшысының қолымен бекітілген жұмыс жоспары;
  • көрнекі - иллюстративті материалдар (кестелер, суреттер, бақылау
  • күнделіктері);
  • оқу-зерттеу және тәжірибе жұмыстары;
  • фото, видео және басқа материалдар.
  1. «Үздік мектеп орманшылығы» номинациясы (Тәуелсідікке 30 терек отырғызу);

Материалдар презентация түрінде PowerPoint немесе облако@mail.ru.   

бағдарламасында электронды түрде тапсырылады.

Презентация он  беттен артық болмауы керек.

  • мектеп орманшылығына жауапты адамды бекіту туралы мекеме
  • басшысының бұйрығы;
  • мекеме басшысының қолымен бекітілген мектеп орманшылығының жұмыс жоспары;
  • көрнекі - иллюстративті материалдар (кестелер, суреттер, бақылау
  • күнделіктері);
  • ағаш текті өсімдіктер мен бұталарды отырғызу;
  • тәлімбақтағы ағаш көшеттерін күтіп – баптау жұмысы;
  • ағаштар мен бұталардың тұқымдарын, бүрлерін, жемістердін дайындау;
  • құстардың ұяшықтарын дайындау және ілу;
  • құстармен аңдарды қысқы қоректену азықтарын дайындау;
  • қоректендіру алаңдарын абаттандыру;
  • ормандағы зиянкес жәндіктерді аулау және жинау;
  • орманды ластанудан және артық заттардан тазалау;
  • оқу-зерттеу және тәжірибе жұмыстары;
  • фото, видео және басқа материалдар.
  1. «Экоәлем» номинация – видеороликтер байқауы

Материалдар  видеоролик түрінде mpeg-4, avi, mkv бағдарламасында 3 минуттан артық емес болуы қажет.

         Видеороликтің мазмұны: оқушылар, педагогтер, ата - аналардың 

қатысуымен экологиялық патруль жұмысы туралы. Визуальды көрсетуді қолданудың дәстүрлі емес әдістерін пайдалану қабылданады (түсірілімдер, анимациялар, компьютерлік графика).

  1. "Үздік жасыл мектеп" номинациясы (ішкі көгалдандыру – Тәуелсіздікке 30 бөлме өсімдігін қосып өсіру);

Материалдар презентация түрінде PowerPoint немесе облако@mail.ru. бағдарламасында электронды түрде тапсырылады.

Презентация он  беттен артық болмауы керек.

Презентация мазмұны:

  • ішкі көгалдандыру бойынша жауапты адамды бекіту туралы 
  • мекеме басшысының бұйрығы;
  • мекеме басшысының қолымен бекітілген ішкі көгалдандыру бойынша жұмыс жоспары;
  • көрнекі-иллюстративті материалдар (кестелер, суреттер, бақылау
  • күнделіктері);
  • оқу-зерттеу және тәжірибе жұмыстары;
  • фото, видео және басқа материалдар.
  1. «Ең үздік стильді мектеп» номинациясы (сыртқы көгалдандыру)

Мектептің сыртқы көгалдануы: дендрарий, розарий, рекарий, альпі тауы,  гүлзарлар, тігінен көгалдандыру)

Материалдар презентация түрінде PowerPoint немесе облако@mail.ru. бағдарламасында электронды түрде тапсырылады.

Презентация он беттен артық болмауы керек:

Презентацияның мазмұны:

  • сыртқы көгалдандыру бойынша жауапты адамды бекіту туралы
  • мекеме басшысының бұйрығы;
  • мекеме басшысының қолымен бекітілген сыртқы көгалдандыру бойынша жұмыс жоспары;
  • мекеме басшысының қолымен бекітілген мектепті сыртқы көгалдандыру бойынша дизайнерлік жобасы;
  • көрнекі-иллюстративті материалдар (кестелер, суреттер, бақылау
  • күнделіктері);
  • оқу-зерттеу және тәжірибе жұмыстары;
  • фото, видео және шығармашылық материалдар.

Байқау комиссиясының оқу – тәжірибе үлескісінің, мектеп орманшылығының, экопатруль жұмысының, мектеп жылыжайының, ішкі және сыртқы көгалдандырудың бар екендігін және жағдайын тексеруге құқығы бар.