БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Облыстық «Қызықты жануарлар әлемі» экологиялық брейн – рингінің қорытындысы

Білім басқармасының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі №647 бұйрығына сәйкес 2019 жылдың 19 қазан күні  оқушыларды өздігінен іздену, шығармашылығын дамыту мақсатында облыстық экологиялық – биологиялық орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Қызықты жануарлар әлемі» экологиялық брейн – рингі «Қазақстан»РТРК» МҚ БҚОФ базасында  өтті.

 

Қазылар алқасы Тасқала, Бөрлі аудандары және Орал қаласы мектептерінің жақсы дайындықтарын атап көрсетті.

 

Экологиялық брейн – рингке  12 аудан және Орал қаласының  №44 мектеп – гимназиясы, № 16 жалпы орта білім беретін мектебі қатынасты. Барлығы 14 қатынасушы болды.

 

1 ші және 2 ші кезеңдер «Іріктеулер» төмендегідей   номинациялардан құралды: Гиннес шоу, Фауна, Су асты әлемі, Бунақденелілер, Құстар, Сүтқоректілер. Финал блиц-сауалнамадан тұрды.

         

Облыстық «Қызықты жануарлар әлемі» экологиялық брейн – рингінің қорытындысы бойынша :   

            

І орын – Муратова Дильназ, Тасқала ауданы, жалпы білім беретін Оян орта мектеп балабақша кешені;

           

ІІ орын – Изюмиков Вадим, Орал қаласы, №16 жалпы орта білім беретін мектебі;

          

ІІІ орын – Бактығалиева Альбина, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №6 мектеп – лицейі;

          

Алғыс хат – Жарасбаева Салтанат, Теректі ауданы, Подстепный қазақ жалпы білім беретін орта мектебі.

        

Қалған қатынасушылар білім басқармасының естелік сыйлықтарымен және облыстық экологиялық - биологиялық орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.