БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
«Саябақтар шеруі» акциясы

Бүгін 27 сәуір күні облыстық экологиялық – биологиялық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Дүниежүзілік «Жер күні» мерекесі аясында орталығымызда «Саябақтар шеруі» акциясы өткізілді.

 

Акцияға Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері,  Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің студенттері, орталығымыздың қызметкерлері қатысып, алма ағашы, қантты үйеңкісі, спирея ағашты - бұталы өсімдіктері отырғызылды. Балалар ауылына сән ағашы өсімдігі сыйға тартылды. Көктемгі тал егуді насихаттау мақсатында күнтізбелер мен плакаттар үйлестірілді. Акцияға  60 – тан астам адам белсенді қатысты.