БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Облыстық жас натуралистер мен зерттеушілер слетының қорытындысы туралы хабарлама

Білім басқармасының Облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 19-22 шілде аралығында Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылдық округінің Аққұм аумағында облыстық жас натуралистер мен зерттеушілер слеты өткізілді.

 

Слетқа 5 аудан және Орал қаласының  «Атамекен» қалалық балалар - жасөспірімдер туризмі  және экология орталығы қатысты. Барлығы 30 оқушы болды.

 

Ақжайық, Тасқала, Жаңақала, Жәнібек, Сырым, Казталов, Теректі аудандары слетке қатысқан жоқ.