БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
«Оқушылардың экологиялық сауаттылығын қалыптастыру үшін заманауи педагогикалық технологияларды енгізу» атты облыстық семинар қорытындысы

Білім басқармасының 2019 жылғы 8 қараша  № 3 -10/5987  хатына және жұмыс жоспарына сәйкес облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру сапасын арттыру, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу мақсатында ағымдағы жылдың  20-шы  қарашада «Оқушылардың экологиялық сауаттылығын қалыптастыру үшін заманауи педагогикалық технологияларды енгізу» тақырыбында облыстық семинар  өткізілді.

Семинарға 11 аудан,  Орал қаласы және облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп – интернаты, облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп - интернат кешені, облыстық  қөру қабілеті бұзылған балаларға арналған  арнаулы мектеп – интернаты, М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп – интернаты,  әдіскерлер, қосымша білім беру педагогтері және биология пәні мұғалімдері қатынасты. Барлығы 31 педагог.

Жәнібек ауданы қатысқан жоқ.  

Семинар аясында  «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Батыс Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Хайруллина Айгуль Болатовна өз сөзінде педагогикалық технологиялар мазмұнының негізгі аспектілерін атап өтті.

ОЭБО өсімдіктер әлемі бөлімінің меңгерушісі Каумбаева Фиягуль Кубиновна  мектеп жағдайында зерттеу және эксперименталды жұмыстың мазмұнды және әдістемелік аспектілері туралы айтты.

Экология бөлімінің меңгерушісі А. М. Есмагулова, жануарлар әлемі бөлімінің меңгерушісі Т. Н. Мазяркинаның баяндамалары интерактивті сипатта болды. Бұл семинарға қатысушыларға ұсынылған тапсырмаларды орындауға белсенді қатысып қана қоймай, жұмыстың жаңа әдіс- тәсілдерімен танысуға мүмкіндік берді. Семинар бағдарлама бойынша педагог-практиктер Темиргалиева Назым Максотовна Сырым ауданы, Қызылағаш негізгі мектебінің биология пәні  мұғалімі, Шакирова Эльмира Маликовна  Тасқала ауданы, «Сәулет» мектеп – лицейінің биология пәні мұғалімі, Кожбаева Дина Закиевна  Қаратөбе ауданы, Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебі биология пәні  мұғалімдерінің баяндамаларымен жалғасты.

         2018-2019 жылғы іс-шаралардың қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен әдіскерлерге алғыс хат табысталды.

Семинар пікір алмасу және ұсыныстар түрінде қорытынды шығарумен аяқталды.  Семинардың барлық қатысушылары семинардың жұмысына, іс-шараның ұйымдастырылуына жоғары баға берді. Семинардың ерекшелігі ретінде аталған іс-шараның өзектілігі, ұсынылған жұмыс түрлерінің әртүрлілігі, материалды баяндаудың қолжетімділігі мен мазмұндылығы аталды. Семинар қорытындысы бойынша келесідей шешім шығаруға болады:

-       семинар алдында қойылған негізгі міндеттер орындалды;

- семинар барысында қатысушылардың жоғары белсенділігі  баяндамашыларға сұрақтар саны көп болуы, пікірталастар мен ойындарға белсенді қатысуынан көрінді.  

- семинарда ұсынылған жұмыстың мазмұны мен технологиясы педагогтар қызметінде қолдануларына болады;

Семинардың нәтижесі-педагогтардың жұмысын жаңа деңгейге көтеретін, шығармашылық жетістіктерге бағыттайтын тиімді тәжірибе.