БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Облыстық« Жер біздің үйіміз» табиғатты қорғау акциясын қашықтықтан өткізу ережесі

ББ 2020 жылғы «_____»________    

№______бұйрығына

1 – қосымша

 

Облыстық« Жер біздің үйіміз»  табиғатты қорғау акциясын қашықтықтан өткізу ережесі

  1. Жалпы ережелер

Облыстық акцияның негізгі мақсаты  мен  міндеттері:

- оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу;

- қоршаған орта байлығын бағалауға тәрбиелеу;

- өз өлкесінің табиғи байлықтарына деген мақтаныш сезімін  ояту

- экологиялық сауаттылықты қалыптастыру;

- үздік  тәжірибені анықтау, тарату. 

  1. Қашықтық акцияның уақыты және орны

2.1. Облыстық «Жер – біздің үйіміз» табиғатты қорғау қашықтық акциясы  2020 жылғы 10 сәуір –  28 мамыр  аралығында өткізіледі.

2.2. Акцияның өткізілгендігі туралы хабарлама (1 қосымшаға сәйкес) және 2020 жылғы 25  мамырға   дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жіберіледі. тел/факс. 50-47-97.

  1. Қатысушылар

3.1. Облыстық акцияға Батыс Қазақстан облысының жалпы  білім беру мектептері, облыстық білім беру мекемелері, мектеп - интернаттары, кәсіптік мектептер, қосымша білім беру орталықтары оқушылары қатыса алады. 

  1. Жұмыс мазмұны және оларды рәсімдеу

Акция үш номинация бойынша өткізіледі:

  1. "Экологиялық десант" номинациясы: саябақтар жұмыстарын жандандыру, мектеп, үй аумақтарын тазалау, ағаштар мен бұталардың айналасын реттеу жұмыстары туралы видеороликтер; ауданы, білім беру мекемесінің атауы көрстелуі, дыбыстық сапасы болуы қажет. Уақыты 3 минуттан артық емес. Жұмыс логикалық және техникалық аяқталуы қажет.
  2. «Мен жануарларды жақсы көремін» сурет номинациясы:

         Жануарлардың бейнесі үй, дала, экзотикалық және т.б) бейнеленген суреттер қабылданады. Жұмыс А3 форматтағы альбом (қатты) қағазда орындалады. Орындау техникасы: акварель, тушь, гуашь, түсті қарындаштар, пастель. Жұмыстың оң жақ төменгі бұрышында автордың аты-жөні; аудан (қала); жұмыстың аты; жетекшінің аты-жөні жазылады. Орындалған суреттердің фотосуреттері ұсынылады (3 фотосурет).

Жұмысты бағалау критериі: ойдың оригиналдығы; таңдалған техниканың оригиналдығы; орындау сапасы; берілген тақырыпқа сәйкестігі;  безендіру талаптарына сәйкестігі; жұмыстың автордың жас ерекшелігіне сәйкестігі.

  1. «Жасыл планета» сурет номинациясы.

Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны сақтау, экология тақырыбына арналған жұмыстар қабылданады. Жұмыс А3 форматтағы альбом (қатты) қағазда орындалады. Орындау техникасы: акварель, тушь, гуашь, түсті қарындаштар, пастель. Жұмыстың оң жақ төменгі бұрышында автордың аты-жөні; аудан (қала); жұмыстың аты; жетекшінің аты-жөні жазылады. Орындалған суреттердің фотосуреттері ұсынылады (3 фотосурет).

Жұмысты бағалау критериі: ойдың оригиналдығы; таңдалған техниканың оригиналдығы; орындау сапасы; берілген тақырыпқа сәйкестігі;  безендіру талаптарына сәйкестігі; жұмыстың автордың жас ерекшелігіне сәйкестігі.

  1. Қаржыландыру және жеңімпаздарды марапаттау

5.1. Облыстық қашықтық акциясының жүлдегерлері облыстық білім басқармасының грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталады. Үздік жүмыстар Fasebook, Instagram желілерінде, detzoo-zko.kz сайтында жарияланады.

  1. Күтілетін нәтиже

- көктемгі тал егу жұмыстарын жүргізу;

- үздік іс-тәжірибені анықтау және облыстық семинарда тарату

 

1- қосымша

Облыстық «Жер менің үйім» акциясының өткізілгендігі туралы хабарлама

Ауданы (қала)

Қатысқан мектептер саны

Отырғызылған ағаштар мен бұталардың жалпы  саны

Отырғызыл

ған ағаштар мен бұталар  түрлері

Қатысу

шылар саны

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы

Барлығы

Барлығы

Барлығы