БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Облыстық «Қызықты жануарлар әлемі» экологиялық брейн – ринг ережесі

ББ 2020 жылғы « ______»_____

                                                                                                                    №_____бұйрығына

                                                                                                             1 - қосымш

 

 

Облыстық «Қызықты жануарлар әлемі»

экологиялық брейн – ринг ережесі

1.Жалпы ережелері

 

Оқушыларды өздігінен ізденуге, қиялын, ой-өрісін кеңейтіп, ойын тұжырымдатып, шығармашылығын дамыту негізінде өткізіледі.

  1. Экологиялық брейнг – ринг мақсаты мен міндеттері:

- Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу;

- Оқушыларды жануарлардың адамға, қоршаған ортаға тигізетін пайдасын ұғындыра отырып, оларға қамқор болып, жойылып кетуден сақтауға, қол ұштарын беруге тәрбиелеу;

- Жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз ету.

 

3.Қатысушылар

Байқауға қатысушылар –жалпы  білім беру мектептерінің 7-8 сынып оқушылары. Әр ауданнан 2 оқушы , қаладан 6 оқушы. Қатынасушылар формасы ақ жейде.

Облыстық байқауға сұраныс және материалдар 2020 жылдың 10 қазанына дейін, төмендегі  мекен-жайға  жіберілсін: Орал қаласы, Қ. Рысқұлбеков  көшесі 49 үй, анықтама  телефоны: 50-47-97, E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.. Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы.

 

4.Өткізу уақыты мен орны

Облыстық қашықтан «Қызықты жануарлар әлемі» экологиялық брейн – ринг 2020 жылдың  15 қазан күні онлайн – Zoom арқылы белгіленген уақытта өткізіледі. Брейн – ринг (І кезең) 10.00 – 10. 40. (ІІ кезең)10.40 – 11.20 аралығында болады, финал 15.00 – 15. 40.

 

5.Өткізу тәртібі

Мектепішілік кезең: 5 қазан аралығы

Аудандық, қалалық кезең: 8 қазан аралығы

Облыстық кезең: 15 қазан өткізіледі (аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпаздары қатысады).

Облыстық «Қызықты жануарлар әлемі» экологиялық брейн – ринг жануарлар түрлері, ерекшеліктері және брейн – ринг мақсаты мен міндеттеріне cәйкес сұрақ – жауап арқылы өткізіледі:

  1. Іріктеу кезеңі І (15 оқушы) - 20 сұрақ – жауап;
  2. Іріктеу кезеңі ІІ (15 оқушы) - 20 сұрақ – жауап;
  3. Финал (14 оқушы) - 20 сұрақ – жауап;

 

6.Қорытындылау

Облыстық қашықтан «Қызықты жануарлар әлемі» экологиялық брейнг – ринг жүлдегерлері  білім басқармасының грамоталары және сыйлықтарымен марапатталады.