БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
«BirdCafe» облыстық байқауы

ОЭБО 2021 жыл «____»_______

№_________ бұйрығына

                                                                                                                1–ші қосымша

 

Жалпы ережелері

 

Мақсаты:

  • Балаларда экологиялық сананы қалыптастырып, балалардың экологиялық мәдениетін және құстарға деген адамгершілік қатынасын дамыту

 

Міндеті:

     - Балаларды мәдени құндылықтарға баулу;

     - ата-аналарды балалармен бірлескен шығармашылық іс-шараларға тарту.

     - Балалардың қоршаған әлемді танып білуге шығармашылық қиялын, қызығушылығын, ұмтылысын дамыту

 

  1. Байқауды өткізу орны мен уақыты

 

Байқауға қатысу үшін сұраныс 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  электрондық пошта арқылы қабылданады.

Өтетін күні 8 қаңтар.  

 

  1. Байқауға қатысушылар

 

Байқауға тілек білдіруші 7-10, 11-15 жас аралығындағы барлық оқушылар мен олардың ата – аналары қатыса алады.

 

  1. Өткізу тәртібі

 

«BirdCafe» облыстық байқауы екі номинация бойынша өтеді:

  1. «Креативті астау» номинациясы – кез – келген материалдан жасалған креативті астаудың жасалу барысынан видео жіберу қажет.  
  2. «Ең қонақжай астау» номинациясы - астауда ең көп құстар жиналып тұрған фото жіберу қажет.

 

Марапаттау

 

Байқау жеңімпаздары облыстық білім басқармасының грамотасымен марапатталады.