БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
«Тұрақты  даму үшін экологиялық білім бойынша балалар бизнес- жобалары» атты облыстық байқаудың қорытындысы туралы хабарлама

Облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен жоспарына сәйкес оқушылардың бойында қоршаған ортаның экологиялық күйін оқып-үйренуде және бағалауда экожүйенің тұрақты жұмыс жасауын нақты қызметпен қамтамасыз ету үшін практикалық дағды қалыптастыру, экологиялық-экономикалық білім берудің проблемаларына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында  ағымдағы жылғы 24  ақпанда облыстық оқушылардың бизнес - жоба байқауы  өткізілді.
Байқауға 11 аудан, Орал қаласының №19, М.Ыксанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектептері, №42 «Ақ ниет» гимназиясы,  дарынды балаларға  арналған  мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11облыстық қазақ мектеп - интернат кешені,  облыстық экологиялық-биологиялық орталығы «Зоотехнология» үйірмесі қатысты.  Барлығы 26  қатысушы болды.
Қазылар алқасы Қаратөбе ауданы Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінің, Орал қаласы №42 «Ақ ниет" гимназиясының, облыстық экологиялық – биологиялық орталығы «Зоотехнология» үйірмесінің, дарынды балаларға  арналған  мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп -  интернат кешенінің, Бөкейордасы ауданы Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің, М.Ықсанов атындағы № 36 жалпы орта білім беретін мектебінің жақсы дайындықтарын атап көрсетті. 
Байқау қорытындысы: 
1-орын – Қаратөбе ауданы Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Бейісова Мөлдір;
2-орын – Орал қаласы №42 «Ақ ниет" гимназиясының оқушысы Тлегенова Лаура;
2-орын –Облыстық экологиялық – биологиялық орталығы «Зоотехнология» үйірмесі мүшелері Позднякова Милита, Чернышев Николай;
3-орын –Бөкей ордасы ауданы Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Маратов Темірлан;
3-орын - М.Ыксанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Байқадамова Гаухар, Рахымғалиев Данияр;
3-орын- Дарынды балаларға  арналған  мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп -  интернат кешенінің оқушылары Ерсайынов Дәулет,Залмуханов Айбек;
Алғыс хат:
Тасқала ауданы Шежін жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Насибуллин Әділхан;
Орал қаласы №19 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Темірханова Зульфия (мүмкіндігі шектеулі оқушы);
Теректі ауданы Шаған жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Көшенов Болат.