БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Облыстық «Саябақтар шеруі» акциясының қорытындысы

Білім басқармасының 2017 жылдың 28-ші наурыздың  № 216 бұйрығы және жұмыс жоспарына сәйкес оқушыларды табиғатты қорғау қызметіне, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға және өз өлкесінің табиғи байлықтарын көбейтуге ат салыстыруға қатыстыру, Республикалық «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен 12 - 22 сәуір аралығында облыстық сырттай «Саябақтар шеруі» акциясы өткізілді.

Облыстық «Саябақтар шеруі» акциясына Қаратөбе, Ақжайық, Бөкейорда, Шынғырлау, Жанақала, Казталов, Бөрлі, Зеленов, Сырым, Теректі, Тасқала және Жәнібек аудандары, Орал қаласының №23  жалпы орта білім беретін мектебі және №42 «Ақниет» мектеп-гимназиясы қатысты. Барлығы 23 мектеп.