БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
4 маусым – Рәміздер күніне орай өткен іс-шараның хабарламасы

 

         Облыстық экологиялық – биологиялық орталығының 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының рәміздер күніне 25 жыл толуына орай оқушыларға рәміздерге құрмет және рәміздер туралы білімдерін бекіту, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында 2 маусым күні мерекелік іс-шара өткізілді.

            Орталықтың үйірме оқушылары жазғы демалыста болғанына қарамастан мерекелік шараға белсене қатысты. Қонақта С. Ғұмаров атындағы балалар сурет мектебінің тәрбиеленушілері мен жетекшілері болды. Мереке мемлекеттік әнұранды орындаудан басталды. Жүргізуші педагог-ұйымдастырушы Сапарова Ш. Р. еліміздің негізгі атрибуттары - мемлекеттік рәміздер туралы айтып өтті.  Бұдан әрі орталығымыздың директоры Кержикова Ф.Г., өсімдіктер бөлімінің меңгерушісі Скрипникова Т.И. және шақырылған қонақтарға құттықтау сөз берілді. Мереке шеңберінде балалар сурет  мектебінің  оқушыларымен пленерлік сағат өткізілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы мерекесі оқушылар мен жетекшілердің қатысуымен 25 көшет отырғызумен аяқталды. Біздің Қазақстанымыз гүлденуі үшін күштіліктін, мықтылықтың белгісі - емен және өзінің әдемілігімен, жапырақтарымен, гүлдеуімен көз тартатын катальпа ағаштары отырғызылды.  наш Казахстан расцветала.

         Барлық өткізілген шаралар тікелей түсіріліммен әлеуметтік желіден көрсетілді.

        

 

ОЭБО директоры                                                    Ф.Кержикова