БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
«Гүлдер әлемі»

Білім басқармасының Облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 5 – маусым күні Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «ЭКСПО-2017»  атты облыстық «Гүлдер әлемі» фестивалі  өткізілді.

Фестивальге аудан және қалалық білім бөлімінің   мектептері қатысты. Барлығы  100-ден астам оқушы болды.

         Фестиваль келесі номинациялар бойынша өтті:

- «Менің арманымдағы Қазақстан»;

- «Гүлдер шеңбері»;

- Дефиле - «Болашақ гүлдері»;

- Сурет байқауы  «Жер шарын жасыл  түске бояймыз».

         Облыстық «Гүлдер әлемі» фестиваліне жоғарыдағы аталған мектеп оқушылары белсенді түрде қатынасты. Өз жұмыстарын жоғары дәрежеде көрсете білген Орал қаласының  С.Ғұмаров атындағы балалар көркем сурет мектебінің және Тасқала, Казталов, Зеленов аудандарының оқушылары.