БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
«Жер бетіндегі әсем қала Астана»

Облыстық экологиялық – биологиялық орталығының

 «Жер бетіндегі әсем қала Астана» астана күніне арналған

іс-шаралар қорытындысы туралы хабарлама

 

         Облыстық экологиялық-биологиялық орталығының 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 6 шілде Қазақстан Республикасының елордасы Астана күніне арналған 5 шілде күні патриоттық тәрбие беретін танымдық шаралар қатары ұйымдастырылды. Шаралардың мақсаты: Астана туралы мағлұмат беру, елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру, отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.

         «Жер бетіндегі әсем қала Астана» астана күніне арнайы облыстық экологиялық-биологиялық орталығында өткізілген іс-шаралар:

          1. «Әсем қала-Астана!» атты көрме ұйымдастырылып, балалар Астана күніне тілектерін білдірді. Көрмені зообаққа келушілер тамашалады.

         2. Оқушылар «ЭКСПО-2017» тақырыбында суреттер салды.

         3. «Гүлдей жайна Астана!» атты қиындылардын гүлдер жасау мастер-класс өтті.

         4. «Астанаға гүл шоқтарын сыйлаймын» атты тірі гүлдерден букет жасау.