ББ 2021 жылғы «03»02
№94бұйрығына
1 – қосымша
«Туған өлкемді зерттеймін» облыстық қашықтан ғылыми - зерттеу
конференциясын өткізу туралы ережесі
- Жалпы ережелер
Облыстық ғылыми-зерттеу конференциясының негізгі мақсаты мен міндеттері:
- балалардың шығармашылық зерттеу белсенділіктерін дамыту және қолдау;
- талантты оқушыларды анықтау;
- экологиялық білім беру арқылы білімдерін кеңейту.
- Өткізу мерзімі мен орны
2.1. «Туған өлкемді зерттеймін» облыстық ғылыми - зерттеу конференциясы 2021 жылдың 18 ақпаны күні қашықтан өткізіледі.
2.2. Ғылыми - зерттеу конференцияға қатысу туралы сұранысты және жұмыстарын 2021 жылдың 12 ақпанына дейін Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. поштасына жіберілуі тиіс. Байланыс телефоны 50-47-97.
- Ғылыми - зерттеу конференциясына қатысушылар
3.1. Ғылыми - зерттеу конференциясына 7-10 сынып оқушылары қатысады. Алдыңғы 3 жылдың жеңімпаздары және жасалған жұмыстар байқауға қатыса алмайды.
Аудан, қала білім бөлімі басшыларының қолымен бекітілген сұраныстар қабылданады.
- Жұмыстардың мазмұны және ресімдеу
4.1. Ғылыми - зерттеу конференциясы келесі номинациялар бойынша өтеді:
- «Флора экологиясы» номинациясы - қоршаған ортаның және антропогендік факторлардың өсімдіктер әлеміне әсері, өсімдіктер әлемін қорғау. (1 қатысушы).
-«Фауна экологиясы» номинациясы - экологиялық факторлардың жануарларға әсері, жануарлар әлемін қорғау, аймақтағы жануарлардың түр - тұқым құрамын зерттеу, жануарларды өсірудің, қолда асыраудың ерекшеліктерін зерттеу. (1 қатысушы).
- «Экология және адам» номинациясы - қоршаған ортаның, ластанған ауаның, судың, топырақтың, өндірістік, химиялық, радияциялық қалдықтардың және т.б. факторлардың, зиянды әдеттердің адам денсаулығына әсері. (1 қатысушы).
- «Ecocreativ» номинациясы - қалдықты пайдаға айналдыру (пластмасса шөлмектері, түрлі тығындар, бүршіктер, сәннен шығып қалған ескі заттар және т.б. шығармашылық жұмыстар, жұмыс көлемі мен орындау техникасы еркін); (1 қатысушы).
Шығармашылық жұмыстарын бағалау:
- қатысушы қиялының (идеясының) нақтылығы;
- креативтілігі;
- жаңашылдығы;
- экологиялық-биологиялық бағытқа сәйкес болуы;
- сапасы;
- эстетика.
4.2. Зерттеу жұмыстары әрбір номинация бойынша эксперименттік, өнертапқыштық және қиял – ғажайып мазмұнда болуы мүмкін. Ғылыми - зерттеу конференция арқылы оқушылар еліміздің жарқын болашағы мен дамуы туралы өз көзқарастарын, армандарын жеткізе білулері керек.
4.3. Әрбір жұмысқа жетекші және арнайы маман таңдап алынған тақырып тұтастығы, автордың қосқан жеке үлесі, жетістіктері және кемшіліктері туралы жазған пікірі қоса ұсынылуы керек.
4.4. Ғылыми - зерттеу конференцияның қорытынды кезеңінде зерттеу жұмысыңызды қорғау үшін сізге көрнекі материалдар, сызбалар, суреттер немесе макеттер әзірлеумен қатар, өз баяндамаңыздың мәтінін ойластыру керек.
Ғылыми - зерттеу конференцияның зерттеу жұмыстарын бағалау:
- ғылымилығы, сол сияқты өздері құрған арнайы әдістерді және зерттеу әдістемесін пайдалану;
- жаңашылдық деңгейі (бастамасы, әдісі, нәтижесі);
- жұмыстың дәлелдігі мен айғақтылығы (ойдың ұшқырлығы);
- материалды мазмұндау жүйелілігі;
- орындау сапасы мен тиянақтылығы.
- жұмыс авторының зерттеу жүргізуде және практикалық жұмыстарды іске асыруда өзінің үлес қосу дәрежесі.
- Қаржыландыру, жеңімпаздарды марапаттау
5.1. Байқау жүлдегерлері облыстық білім басқармасының грамоталар алғыс хат және сыйлықтармен марапатталады.
- Күтілетін нәтиже
- өз бетімен зерттеу жұмыстарын жасай білу;
- ғылыми және практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Конференция қорытындысы бойынша баяндамалар жинағын жариялау.