ГККП "Областной эколого-биологический центр" УО акимата ЗКО
Бизнес жоба

 

 

 

 

 

 

ББ 2021 жылғы «03»02    

                                                                                                    №95бұйрығына

                                                                                                   1 – қосымша

 

                                                                                                                                     

Облыстық «Үздік балалар

бизнес – жобасы» байқауының ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

       Бизнес – жоба байқауының мақсаты - қоғамның әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешу жолдарын қарастырып, кәсіпкерлік қызметке ынталандыру, талантты да талапты жастарды анықтау,  белсенді, құзіретті, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу.   

  1. Өту мерзімі

      2.1. Облыстық бизнес - жоба 2021 жылдың  19 ақпан күні қашықтан өтеді.

        2.2. Облыстық бизнес - жоба байқауына  қатысу туралы сұранысты 2021 жылдың 12 ақпанына  дейін Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. поштасына жіберулері тиіс. Байланыс телефоны: 50-47-97.

      Байқау ZOOM платформасында өтеді. Сілтеме алдын ала жіберіледі.

Аудан, қала білім бөлімі басшыларының қолымен бекітілген сұраныстар қабылданады.

 

  1. 3. Байқауға қатысушылар

      3.1. Облыстық бизнес - жоба байқауына жалпы білім беретін мектеп,  гимназия, облыстық мекемелер, қосымша білім беру орталықтары қатыса  алады. Әр ауданнан 1 жоба, қаладан 3 жобадан артық қабылданбайды. Бизнес жобалар оқушының жас ерекшелігіне сай болуы тиіс. (7-10 сынып білім алушылары). Алдыңғы 3 жылдың жеңімпаздары байқауға қатыса алмайды.

  1. Жұмыстардың мазмұны

Облыстық бизнес - жобаның тақырыптары:

  1. «Ауыл шаруашылығына арналған экологиялық технологиялар» (ауылдың мәдениетін дамыту, ауыл өнеркәсібін дамыту, ауыл экономикасын көтеру, ауыл шаруашылығы саласын жандандыру);
  2. «Инновациялық экологиялық бизнес - идеялар»

(табиғи ресурстарды үнемдеу мақсатында энергияның балама көздерін іздеу, интернет технологиялары (телефон қолданбалары) т.б;

  1. Экоөнімдер.

     Барлық бизнес - жобалар  экологиялық-биологиялық бағытта болуы тиіс.

  1. Жобаға қойылатын талап

      5.1. Бизнес-жобада практикалық мағынасы ұсынылған тұрғылықты  жерлерін, мектептерін көркейту, экожүйені сақтап қалу бойынша, шешу жолы көрсетілген адамның экономикалық қызметіне байланысты экологиялық проблемаларды зерттеуге бағытталған экологиялық акцияларды (басқа да  шаралар) ұйымдастыру  жобалары  көрсетілуі керек.

      5.2. Облыстық бизнес - жобанының сипаты және безендірілуі:

-  бірінші бет - титулды бет;

-  екінші бет - мазмұны;

-  бөлімдері бойынша жобаны сипаттау:

-  кіріспе;

-  проблеманы зерттеу;

- проблеманың зерттеу қорытындылары және практикалық маңызы мен шешімі;

5.2.  Жобаны Power Point бағдарламасында дайындап қорғайды.

5.3. Қорғау 3-5  минуттан   аспауы  қажет. Жұмыстардың электронды нұсқасы қосымша ретінде ұсынылады.

5.4. Облыстық бизнес - жоба жұмыстары слайд формасында (Power Point бағдарламасы) немесе  бейне-таспа түрінде орындалады.                                                 (3-5  минуттан аспауы қажет).

  1. Жобаны бағалау критерийлері

- жобаның актуалдылығы, жаңашылдығы;

- экологиялық проблемаларды  шешу жолдары;

- тұрғылықты  жағдайларға арналған практикалық мағынасы, бағдарлары;

- жобаны орындауда әдістемені қолдану  негіздері және бизнес идеялар;

- қорытындылау және кепілдеме аргументтері  (дәлелдемелері);

- оқушылардың жобаны орындаудағы өзіндік жұмыстану деңгейі;

- жобаны  көркемдеу сапасы.

  1. Қорытындылау және марапаттау

          Жоба жеңімпаздары облыстық білім басқармасының грамоталар мен алғыс хат және сыйлықтармен марапатталады.

  1. Күтілетін нәтиже

       Облыстық бизнес-жоба барысында оқушылар өз ауылының немесе қаланың экологиялық мәселелерін, оларды өз күштерімен шешу жолдарын табуға үйренеді. Мектеп оқушылары өздерінің шығармашылық қабілеттерін іске асыруға және қоршаған ортаны сақтауға жауаптылыққа, өз бизнес - жоспарын жасауға, қорғауға және алға жылжытуға үлкен мүмкіндік алады.

         Үздік бизнес-жобалар Республикалық «Экоәлем» журналында, Республикалық «Экокурьер» газетінде жарияланады.