ГККП "Областной эколого-биологический центр" УО акимата ЗКО
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің қашықтан облыстық форумы

                       ББ 2021 жылғы «_____»________    

                                                                                                                        №______бұйрығына

                                                                                                                                      1 – қосымша

 

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің қашықтан облыстық форумын өткізу ережелері

 

  1. Жалпы ережелер

         1.1.«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумын өткізу ережелері (бұдан әрі – Форум) оның мақсатын, міндеттерін, өткізу және каржыландыру тәртібін анықтайды.

1.2.Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.

1.3. Форумның міндеттері:

1) қоршаған ортаны қорғау міндеттерін шешуде олардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал етуші, білім алушыларды практикалық қатысуға тарту үшін жағдай жасау;

2) білім алушылар мен педагог қызметкерлер арасында шығармашылық байланысты орнату және жұмыс тәжірибесімен алмасу;

3) еліміздің жас тұрғындарында экологиялық мәдениетті және адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелер тарапынан белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру;

4) шығармашылық міндеттердің қойылымы үшін қатысушылар тәжірибесін біріктіру, оның іске асырылуы мен шешу кезінде туындайтын қиындықтарын өткеру үшін әдістерді таңдау;

5) балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.

  1. Форумның өткізілетін уақыты

      2.1. Форум 2021 жылғы  25-31  наурыз аралығында  қашықтан өтеді.

      2.2. Форумға қатынасу үшін сұраныс 2021 жылғы 20 наурызға дейін мына мекен - жайға жолдануы тиіс: Орал қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі 49, облыстық экологиялық-биологиялық орталығы, тел/факс. 50-47-97,

e-mail:  Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

«Экоболашақ», «Жасыл оазистер», «Жеңіс мамыры» номинациялары қашықтан өткізіледі, 25 наурызға дейін  жұмыстар Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. поштасына жіберілуі тиіс. (25 наурыздан кейін келген жұмыстар қабылданбайды).

Аудан, қала білім бөлімінің басшыларының қолымен бекітілген сұраныстар қабылданады. Сұранысқа аудандық (қалалық) кезеңдердің өткізілгендігі жөнінде  міндетті түрде хаттама көшірмелері жалғанады және форумға жауапты жетекшінің ұялы телефон номері жазылуы қажет.

 

  1. Қатысушылар

3.1. Форумға жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілері форумының аудандық (қалалық) кезеңдерінің жеңімпаздары жалпы білім беретін мектеп,  гимназия, облыстық мекемелері мен қосымша білім беру орталықтарының білім алушылары қатысады. (14-16 жас, 7-10 сынып). Форумға аудан және қалалық кезеңінің 1 орын жеңімпаздары ғана қатыса алады.

  1. Өткізу тәртібі және шарттары

4.1. Форум үш кезеңде өткізіледі:

бірінші кезең (іріктеу) - аудандық, қалалық;

екінші кезең - облыстық;

үшінші кезең (қорытынды) - республикалық.

4.2. Екінші кезең 2021 жылғы 25 - 31 наурыз аралығында қашықтан өткізіледі.

4.3. Форумға жауапты жетекшілер ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды тапсыру тиіс:

- Форумға қатысу туралы аудандық (қалалық), облыстық  білім беру бөлімдері басшыларының бұйрығының көшірмесі;

- қатысушылар туралы мәлімет (аты - жөні, туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру мекемесінің мекен-жайы, телефоны, номинация, жұмыстың атауы, топ жетекшісінің аты-жөні, жұмыс орны, қызметі, ұялы телефоны);

 

Оқушының аты-жөні

Туған жылы, айы, күні

Сыныбы

Білім беру мекемесінің атауы мекен-жайы, телефоны

Номинация, жұмыстың атауы

Жетекшінің аты-жөні, қызметі, телефон нөмірі

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жұмыс мазмұны және оларды орындау техникасы

Форум келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1.«Туған өлке тарихы» номинациясы - виртуалды саяхат. Виртуалды 3D панорама: өз өлкесінің көрікті жерлері, табиғатты қорғау және қорық аумақтары, табиғат ескерткіштері, табиғат нысандары мен аумақтары туралы виртуалды сапарлармен 3D форматта (маршруттар, экскурсиялар) таныстыру. Жұмыс бағыты – SketchUp, Blender, Tinkercad.com (1 қатысушы).

Қашықтық форматта жобаны қорғау ZOOM онлайн-платформада 2021 жылғы 25 наурызда сағат 9.30 өтеді.  Қорғау уақыты 3 минут.       

2.«Жасыл экономика» номинациясы: жоба - зерттеу байқауы келесі бағыттар бойынша:

экологияны және қоршаған ортаны жақсарту, жасыл экономика, «жасыл» технологияларды қолдану;

инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және насихаттау практикасы (әр түрлі бағыттар бойынша 1 қатысушы).

Қашықтық форматта жобаны қорғау ZOOM онлайн-платформада 2021 жылғы 26 наурызда сағат 9.30 өткізіледі. Қорғау уақыты 3 минут.      

 3.«Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы - денсаулық сақтау саласында тәжірибелік қызметті, адам денсаулығын сақтауға бағытталған экологиялық акциялар мен табиғатты қорғау іс-шараларын, адам денсаулығына қоршаған ортаның әсерін қамтитын жобалар байқауы.               (1 қатысушы).

Зерттеу жобаларын қорғау байқауларына реферат (баяндама) сипатындағы жұмыстар жіберілмейді.

Бағалау өлшемдері: зерттелетін мәселелердің өзектілігі мен жаңашылдығы, жүргізілген зерттеулердің деңгейі мен көлемі, қойылған міндеттердің орындалу нәтижесі, жұмыстың практикалық маңызы, автордың қосар жеке үлесі, сөйлеу шеберлігі.  

Қойылатын талаптар: таңдалған тақырыптың өзектілігі мен мазмұны, аталған зерттеу жұмысына қосар практикалық үлесі жөнінде қысқаша сиппаттама беріледі. (макеттер, үлгілер, видео және т.б.)

Қашықтық форматта жобаны қорғау ZOOM онлайн-платформада 2021 жылғы 29 наурыз сағат 9.30 өткізіледі. Қорғау уақыты 3 минут.      

4.«Экоболашақ» номинациясы - көркейту, көгалдандыру бойынша жүргізілген экологиялық жұмыстар, өткізілген экологиялық акциялар, жылыжай, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік телімдер, мектеп орман шаруашылығы, бойынша видеороликтер презентациясы (1қатысушы). Презентация – 5 минут. 30 наурыз күні қашықтан өтеді.

Қойылатын талаптар: видеоөнім сандық тасымалдағыштарда, электронды файлдар mpeg-4, avi, mkv форматында ұсынылуы тиіс.

Видеороликте білім алушылардың, педагогтердің, ата-аналардың қатысуына, сонымен қатар аталған сұраққа стандартты емес тәсілмен қарауға, түсірілім, анимация және компьютерлік графика тәрізді визуалды ұсыну тәсілдерін, музыкалық және дыбыстық сүйемелдеуді қолдануға болады. Бағалау өлшемдері: стилистикалық шешім, практикалық қолданылымы, жасампаздығы, әлеуметтік маңыздылығы,  видеоматериалдар сапасы..

5.«Жасыл оазистер» номинациясы - экодизайнерлер байқауы.                     Байқау жұмысы еркін стильде флористика ережесіне сәйкес  табиғи - өсімдік материалдан жасалады. Композиция өлшемі 50х50 см-ден артық емес. Инертті материал қолданылуы мүмкін (20%-дан артық емес). Композицияға арналған орынды ұйымдастырушылар қамтамасыз етеді. Жұмысты орындау үшін сәндік материалдарды жіберуші жақ қамтамасыз етеді. Қатысушылардың өз жеке құрал-саймандары, сәндеу элементтері болуы тиіс. Бағалау өлшемдері: идея, композиция, орындау техникасы, жасампаздық,  практикада қолданудың шынайылылығы. (1 қатысушы) 31 наурыз күні  қашықтан өтеді.

  1. «Жеңіс мамыры» панно немесе коллаж байқауы (1 қатысушы).

Бұл номинацияда флористикалық панно немесе коллаж түріндегі туған қаланың, ауылдың (елді мекеннің) сұлулығын көрсететін байқау жұмысы ұсынылады. Жұмыста гүл жапырақтарынан, гүлдерден флористикалық кескіндеме техникасында орындалған қаланың танымал объектісі бейнеленуі тиіс. Байқау жұмысының көлемі – 40 х 60 см.

Байқауға қатысуға кез келген техникада, оның ішінде аралас, кез келген материалдан, кез келген құралмен (пластилин, табиғи материалдар және т.б.) орындалған панно немесе коллаж фотосуреттері қабылданады.

Барлық номинациялар бойынша жұмыстар түпнұсқаны сканерлеу немесе фотоға түсіру жолымен немесе компьютерлік графикалық редактордың көмегімен орындалған электрондық көшірмелер (графикалық файлдар) түрінде қабылданады. Жұмыстың оң жақ төменгі бұрышында автордың анық оқылатын қолы: аты, тегі, жасы болуы тиіс.

Файл параметрлері: jpg немесе png форматы. Қосымша материал ретінде жұмыс жасау процесін көрсететін фотосуреттер ұсынылады. Міндетті түрде: жұмыстың атауы, орындау техникасы, қажет болған жағдайда – мазмұнын түсіндіру. 31 наурыз күні  қашықтан өтеді.

Бағалау өлшемдері:

идеясы;

композициясы;

орындау техникасы;

жасампаздығы;

практикада қолданудың шынайылылығы.

  1. Қатысушыларды марапаттау

Форумның әр номинациясы бойынша жеңімпаздар облыстық білім басқармасының грамоталары және естелік сыйлықтарымен марапатталады.

  1. Күтілетін нәтитже

Форум жеңімпаздары 2021 жылғы 9-10 маусымда Шымкент қаласында өтетін Республикалық кезеңге қатысады.

                                                                                               

 

                                                                                                  ББ 2021 жылғы «_____»________    

                                                                                            №______бұйрығына

                                                                                            2 – қосымша

 

"Табиғатты аяла" жас өлкетанушылар,

экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық  форумын  ұйымдастыру комитеті

 

1.Ф.А.Сулейменова - қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы;

2.Ф.Г.Кержикова - облыстық экологиялық-биологиялық орталығы директоры;

3.Г.М.Нуралиева - облыстық экологиялық - биологиялық орталығы  директор орынбасары;

4.Ф.К.Каумбаева - облыстық экологиялық - биологиялық орталығы өсімдіктер бөлімі меңгерушісі;

5.Ж.К.Жалгелдеева - облыстық экологиялық - биологиялық орталығы әдіскері;

6.А.М.Есмагулова - облыстық экологиялық - биологиялық орталығы экология бөлімі меңгерушісі;

7.Б.М.Есенгазиева - облыстық экологиялық - биологиялық орталығы ұйымдастырушы педагогы.

 

 

                           ББ 2021 жылғы «_____»________    

                                                                                            №______бұйрығына

                                                                                            3 – қосымша

 

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар,

экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық

                                                                                    форумының әділ - қазы құрамы                                                                                  

 

  1. Зерттеу жұмыстары мен жобалар байқауы:

«Туған өлке тарихы» номинациясы

Г.З.Усагалиева -  облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы директорының орынбасары (келісім бойынша)

Е.Т.Жақсыбаев - облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының қосымша білім беру педагогы;  (келісім бойынша)

 

«Жасыл экономика» номинациясы

А.А.Булекова - Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты, «Экология және табиғатты пайдалану»  доценті; (келісім бойынша)

Г.М.Нуралиева - облыстық экологиялық - биологиялық орталығы директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары.

А.М.Кулмажитова - облыстық экологиялық - биологиялық орталығының қосымша білім беру педагогы.

«Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы

Ж.С.Кажымуратова - М.Утемисов атындағы БҚМУ жаратылыстану география кафедрасының аға оқытушысы; (келісім бойынша)

М.Е.Саденова - облыстық экологиялық - биологиялық орталығының қосымша білім беру педагогы.

Ж.М.Гумарова – Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың философия докторы (Phd);

«Экоболашақ» номинациясы

Ф.К.Каумбаева - облыстық экологиялық-биологиялық орталығы өсімдіктер әлемі бөлімінің меңгерушісі.

Ә.Д.Құрмекеш - М.Өтемісов атындағы БҚМУ жаратылыстану-география факультеті, биология және экология кафедрасының оқытушысы;                             (келісім бойынша)

А.М.Кулмажитова - облыстық экологиялық - биологиялық орталығының қосымша білім беру педагогы.

 «Жасыл оазистер» номинациясы

Ж.К.Жалгелдеева - облыстық экологиялық – биологиялық орталығы әдіскері.

А.Т.Қожанғалиев - облыстық көрут қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты директорының тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары; (келісім бойынша)

Д.Ж.Нұғман - Мектептен тыс жұмыс орталығының бөлім меңгерушісі.                  (келісім бойынша)