БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Біз туралы

Батыс Қазақстан облысы  Білім басқармасы 
Облыстық экологиялық –биологиялық орталық 
Объективті – анықтама 
Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы МКҚК 
Мекен-жайы: Орал қ. Рысқұлбеков көшесі, 49, тел:50-47-97 е-mail: detzoo@ mail.ru

Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы 1958 жылы құрылды. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «облыстық экологиялық –биологиялық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы №275 «Облыстық білім беру жүйесінде мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар құру туралы» шешімі негізінде өзгертілді.

білім беру жүйесінде оқыту бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай туғызу арқылы өндірістік-шаруашылық іс-әрекетті жүзеге асыру, жеке тұлғаның  шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салтын және тұрақты адамгершілік негіздерін қалыптастыру, биология ғылымына, тәжірибе және зерттеу жұмыстарына қызығушылығын ояту

- жұмыс бағытына сәйкес слеттер, конференциялар, фестивальдер, байқаулар, жалпы шаралар ұйымдастыру және өткізу, балалар хайуанаттар бағына, жылыжайға экскурсиялар жүргізу;

- экологиялық-биологиялық қызметі бағытында дарынды балалармен жұмыс, ғылыми-ізденіс жұмыстары, оқушылардың жоба жұмыстары.

Орталықтың жобалық қуаты -50 орын. Мекеме Орал қаласында Шаған өзенінің жағасында орналасқан. 

Орталық иелігінде оқу ғимараты, балалар хайуанаттар бағы, бұталы және сәндік қолданбалы өсімдіктердің 150-ден астам түрі өсірілетін оқу-тәжірибе үлескесі, дендрария және жылыжайы бар.

 

Буклет ОЭБЦ каз.