БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
«Менің экоізім» облыстық сырттай экологиялық марафонын өткізу ережесі

ББ 2021 жылғы «_____»________    

№______бұйрығына

1 – қосымша

 

«Менің экоізім» облыстық сырттай экологиялық марафонын өткізу ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

Облыстық сырттай экологиялық марафонның негізгі мақсаты:

жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу, аумақты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын белсендіру.

Міндеттері:

- жастардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру;

- нақты іс - әрекетке тарту;

-  қоршаған ортаны қорғауды насихаттау.

  1. Экологиялық марафон уақыты және өтетін орны

2.1  Экологиялық марафон 2021 жылғы 22 сәуір-12 мамыр  күндері  облыстық экологиялық - биологиялық  орталығының ұйымдастыруымен өтеді. Қорытындысы 12 мамыр шығады.

2.2. Жұмыстар 2021 жылғы 3 мамыр күні  мына мекен-жайға жолдануы тиіс: Орал қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі 49, облыстық экологиялық-биологиялық орталығы, тел/факс. 50-47-97, e-mail:  detzoo @ mail.ru. 3 мамырдан кешіктірілген жұмыстар қаралмайды.

        2.4.  Әр номинация бойынша аудандардан 2 жұмыс, Орал қаласынан 3 жұмыс, облыстық білім беру мекемелерінен 1 жұмыс қабылданады. Жұмыстар тек сұраныстар бойынша қабылданады.

  1. Қатысушылар

3.1 Экомарафонға мектепке дейінгі білім беру мекемелері, жалпы  орта білім беретін  мектептері, облыстық білім беру мекемелері,  қосымша білім беру орталықтары қатыса алады.

  1. Өткізу тәртібі және шарттары
    • Экологиялық марафон төрт бағыт бойынша өткізіледі:
  2. «Таза жағалау» номинациясы – (Су көздерін ашу, бұлақтарды, су қоймаларын тазарту)

Материалдар презентация түрінде, PowerPoint немесе облако@mail.ru. бағдарламасында электронды түрде тапсырылады.

Презентация бес беттен артық болмауы керек.

Презентацияның мазмұны:

- су көздерін ашу, бұлақтарды, су қоймаларын тазалау жұмыстарын жүргізгенге дейінгі фотосуреті;  

- су көздерін ашу, бұлақтарды, су қоймаларын, жағалау белдеуін тазалау бойынша шаралар жоспары;

- жұмыстардың жүргізілу мазмұнын көрсететін фотосуреттер;

- қатысушылар саны, фото, мәтіндік материалдар.

  1. «Отбасылық саяжол» номинациясы («Мекенім – жасыл елім» ісіне үлес қосу, әр отбасының үшеуден кем  емес ағаш отырғызуы)

Материалдар презентация түрінде PowerPoint немесе облако@mail.ru. бағдарламасында электронды түрде тапсырылады.

Презентация бес беттен артық болмауы керек.

Презентацияның мазмұны:

  • отбасының терек отырғызу сәттерінен фотосуреттер;
  • «Бұл менің терегім» жазуы немесе отбасының аты – жөні жазылған кестесі түсірілген фотосуреттер;
  • қатысушылар саны, фото, мәтіндік материалдар.
  1. «Таза аула» номинациясы («Бірге таза Қазақстан» бойынша парктерді, үйлердің, көшелердің айналасындағы аумақтарды абаттандыру және тазарту )

Материалдар презентация түрінде PowerPoint немесе    облако@mail.ru.   

бағдарламасында электронды түрде тапсырылады.

Презентация бес беттен артық болмауы керек.

Презентацияның мазмұны:

  • парктерді және басқа да қорғалатын табиғи аумақтарды, үйлердің, көшелердің айналасындағы аумақтарды) абаттандыру және тазарту бойынша фотосуреттер;
  • қатысушылар саны, фото, мәтіндік материалдар.
  1. «Макулатура жинау» номинациясы – видеороликтер байқауы

Материалдар  видеоролик түрінде mpeg-4, avi, mkv бағдарламасында 3 минуттан артық емес болуы қажет. Ең көп қағаздар қалдықтарын жинаған нәтижелі оқушы, топ, сынып, мектеп, отбасылардың әрекеттері мен теректерді қорғау және кеспеуді насихаттайтын түсірілімдер, анимациялар, компьютерлік графика).

 

 

№1 қосымша

 

«Менің экоізім» облыстық сырттай экологиялық марафоны бойынша

мәлімет толтыру кестесі

Аудан, қала

Қатысқан білім беру мекемелерінің саны

Отырғызылған

теректер мен бұталардың жалпы саны

Отырғызылған

теректер мен бұталардың түрлерінің саны

Қатысушылар саны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы

Барлығы

Барлығы