БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Экосоқпақ облыстық жас экологтар мен натариустер слетін өткізу туралы

ББ 2023 жылғы «_____»________

№______бұйрығына

1 – қосымша

«Экосоқпақ» облыстық жас экологтар мен натуралистер слетін

өткізу ережесі

  1. Жалпы ережелер

         1.1. «Экосоқпақ» облыстық жас экологтар мен натуралистер слетін өткізу ережесі (бұдан әрі – слет) мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібін және қаржыландыруын анықтайды.

1.2. Слеттың мақсаты: оқушыларда экологиялық мәдениет және табиғатқа саналы көзқарас қалыптастыру, қоршаған ортаны зерттеуде практикалық білімін дамыту.

  1. Слеттың өткізілетін уақыты және орны

2.1. Слет 2023 жылғы 12-14 маусым аралығында Бәйтерек ауданында Кирсанов қорықшасында өтеді.

2.2. Слетқа сұраныс 2023 жылғы 09 маусымға дейін мына мекен-жайға жолдануы тиіс: Орал қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі 49, облыстық экологиялық-биологиялық орталығы, тел/факс. 50-47-97, e-mail:  detzoo @ mail.ru.

Келу күні ағымдағы жылдың 12 маусым күні сағат 10.00 - ге дейін қатысушы командалар Облыстық экологиялық-биологиялық орталығында жиналады. Сағат 10.00 слет қатысушылары Бәйтерек ауданындағы Кирсанов қорықшасына жолға шығып кетеді. Кету күні – 14 маусым.

  1. Қатысушылар

3.1. Слетқа жалпы  білім беру мектептері, мектеп - интернаттары, облыстық білім беру мекемелері, қосымша білім беру орталықтарының 8 – 10 сынып оқушылары, жас экологтар, натуралистер және  табиғаты зерттеушілері қатыса алады.

Әр номинация бойынша Орал қаласынан 3 қатысушыдан, облыстық білім беру мекемелерінен 1 қатысушы және аудандардан 1 қатысушы қатыса алады.

  1. Өткізу тәртібі және шарттары

4.1 Слет екі кезеңде өткізіледі:

бірінші кезең (іріктеу) – аудандық, қалалық ;

екінші кезең  – облыстық.

4.3. Командалардың айырым белгілері (гластуктері, кепкалары, бейсболкалары, эмблемасы) болуы қажет. Әр қатысушы команда өз топтарын қызықты және әдемі таныстыру қажет (танымдық бағдарлама бойынша).

  1. Жұмыс мазмұны және оларды орындау техникасы

5.1. Слет далалық жағдайда өтеді. Командалардың әр қатынасушысында жеке және топтық  практикалық жұмыстарға қажетті құрал- саймандарымен тамақтары болуы керек.

5.2. Далалық жаттығу келесі бағыттар бойынша өткізіледі: флористика, энтомология, картография.

Әр команданың қатысушысы, слетка қатысардың алдында, 3 бағыт бойынша  далалық жаттығудан өтеді  және зерттеу соңында сынақ тапсырады.

Далалық жаттығу жұмысының мазмұны мен құрал саймандары:

Флористикатеориялық бөлім: өсімдіктердің түріне, құрамына зерттелетін үлескеге жалпы шолу. Қызыл кітаптың өсімдіктері және дәрілік өсімдіктер. Морфологиялық және систематикалық құрылымдарын анықтау. Өсімдіктерді анықтағыш құралдармен пайдалану жұмыстарын жүргізу.

Практикалық бөлім: үлеске бойынша - шалғындық және орман өсімдіктерінің морфологиялық ерекшеліктерін, түрлерін, құрамын білу. Зерттелетін аймақтың өсімдігінің тұқымдасын және түрін өз бетімен анықтау. Жиналған мәліметті жүйелеп, өңдеу.

Сынақ талабы: өсімдіктің морфологиялық және систематикалық жүйесі бойынша  білімін  анықтау –өсімдік тұқымдастарының негізі жүйесінің жалпы көрсетілімі; тұқымдастығын ажырата білу, Бәйтерек ауданындағы Қызыл кітапқа енген  және Батыс Қазақстан облысының жасыл кітабына енген дәрілік және сирек кездесетін өсімдік түрлері бойынша білімдерін жетілдіру.

Құрал – жабдықтар:

Әр қатысушының өзінде болу керек:

- жұмыс кезінде бағдарды анықтап жазуға қатты мұқабадағы дәптер немесе кітапша;

- жіпке байланған қарындаш немесе қалам;

- өсімдіктерді жинауға қапшық немесе кеппешөп папкасы;

- өсімдіктерді анықтайтын үлкейткіш әйнек, сызғыш;

Ескертпе: Қолданылатын әдебиет.

  1. Дебело П.В., Фомин В.П., Мазяркина Т.Н. Ақжайықтың қорықтары. 2000.

  2. Иванов В.В. Определитель семейств Северного Прикаспия. 1964.

  3. Иванов В.В. Сложноцветные Северного Прикаспия. 1966.

  4. Сдыков М.Н. БҚО тарихи - мәдени және табиғат мұралары ескерткіштері. 2006.

  5. Иванов В.В. Губоцветные Северного Прикаспия. 1966.

  6. Иванов В.В. Ластовневые – Партулаковые Северного Прикаспия. 1966.

  7. Иванов В.В. Осоковые Северного Прикаспия. 1968.

  8. Иванов В.В. Розоцветные Северного Прикаспия. 1966.

  9. Иванов В.В. Материалы по флоре и растительности Северного Прикаспия. 1969.

  10. Иванов В.В. Определитель некоторых водных высших растений Северного Прикаспия. 1969.

  11. Иванов В.В. Амаралиссовые – кутровые Северного Прикаспия. 1972.

  12. Петренко А.З. Зеленая книга Западно-Казахстанской области. 2001.

  13. Иванов В.В. Определитель деревьев и кустарников Западного Казахстана. 1949.

  14. Дарбаева Т.Е. Өсімдік қауымдастықтарын зерттеу әдістемесі. 2018.

Энтомология – теориялық бөлім. Жүйелеуге кіріспе және бунақденелілердің зоологиялық номенклатурасы, морфологиясы. Жәндіктердің дамуы: толық және шала түрленіп. Зерттелетін үлескедегі бунақденелілердің  отрядтары.

Практикалық бөлім: Зерттеу аумағындағы бунақденелілердің тұқымдастарын, түрлерін, отрядтарын анықтау. Энтомологиялық топтама құрастыру. Этикет қағаз жапсыру. Жиналған материалдарды өңдеу.

Сынақ талабы: Оқушы жәндіктердің топтамасын таныстыра білу керек (бөлек шағын қорапшада) немесе жәндіктер салынған мақта матрас; әртүрлі қанатты отрядтың екі  суреті. Жәндіктердің негізгі отрядатрының жалпы ортақ көрсетілімі болуы керек; бірінші қарағаннан негізгі отрядтардың тұқымдастығын ажырата білу; жәндіктерді тұқымдастығына дейін анықтауыш кесте бойынша белгілей білу.

Құрал – жабдықтар:

Әр қатысушының өзімен бірге болуы керек:

  • теориялық материалдарды жазуға арналған дәптер;
  • сачоктар, елек, морилка;
  • қораптар, мақталы матрас, энтомологиялық түйреуіш және картоннан қиылған бұрыштар;
  • қайшылар, сызғыштар, қарапайым қарындаш, үлкейткіш әйнек, қылқалам;
  • жәндіктерді анықтауыш.

Картография – теориялық бөлім. Зерттелетін аумақтың карта-схемасын

құру ережесімен таныстыру. «Айналаны бағдарлау» және «айналып шығу» әдістері арқылы зерттелетін ауданның картосхемасын құру.

Практикалық бөлім: зерттелетін аумақтың бағытын компаспен анықтау, қадаммен арақашықтықты анықтау және заттардың көрінетін бөлшектері бойынша қашықтықты анықтау, көрсетілген бағыт бойынша көзбен түсіру. Жер жоспарының рәсімделуі. Айналаны бағдарлау» және «айналып шығу» әдістері арқылы зерттелетін ауданның картосхемасын құру.

Сынақ талабы: қатысушы көзге көрінетін бөлшектің арақашықтығын белгілей білу керек, сонымен қатар қадаммен, негізгі және аралық бағыттарын градуспен анықтай білу. Көзбен түсірудің негізгі ережесін және жер жоспарын рәсімдеу. Айналаны бағдарлау» және «айналып шығу» әдістері арқылы зерттелетін ауданның картосхемасын құру.Практикалық тапсырманы орындап, сынақ тапсырады.

Құрал – жабдықтар:

Әр қатысушының өзімен бірге болуы керек:

- Сызғыш

- Компас

- Қарындаш

- Қатты планшет

- А4 қағаз

  1. Қатысушыларды марапаттау

  6.1.Слеттың әр номинациясы бойынша жеңімпаздар білім басқармасының  грамота, алғыс хат және естелік сыйлықтарымен марапатталады.

  1. Қаржыландыру

7.1.Аудандардың, Орал қаласының делегацияларының форумға қатысуына байланысты қаржылық шығындарын (жолақы, қатысушылар мен топ жетекшілерінің жатын орны, тамақтануы) жіберуші жақ қамтамасыз етеді.