БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Негізгі ақпарат

Білім беру ұйымы туралы ақпарат

 

Толық атауы БҰ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «облыстық экологиялық –биологиялық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қысқа атауы ОЭБО МКҚК
Құрылған уақыты 1958 жыл
Құрылтайшы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі
Ұйымның құқықтық
нысаны
Мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны
Пошталық мекен-жай 090000, РҚ, БҚО, Орал.қ, Қ.Рысқұлбеков көшесі, 49
Электрондық адрес е-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Директор Кержикова Фатима Гениятуловна
Директор орынбасары оқу 
әдістемелік жұмысы жөнінде
Нуралиева Гулжайна Мактаугалиевна
Жұмыс кестесі Дүйсенбі - жұма 9 дан 18:30 дейін
Жұмыс тәртібі
1 – 14 қыркүйек аралығында топтарды жинақтау жүреді. 15 қыркүйектен бастап оқу сабақтары басталады, оқу сабақтары келесі жылдың 31 мамыры аяқталады. Балалармен сабақтар аптасына 2 рет топтар бойынша жүргізіледі. Бірінші оқу жылы топтарының сабақтарына аптасына 4 академиялық сағат, екінші және кейінгі жылдары 6 академиялық сағат, эксперименттік және зерттеу – 8 академиялық сағат бөлінеді. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін сабақтар аптасына 2 академиялық сағаттан аспайды. Жазғы кезеңде балалармен сабақтар тұрақты немесе ауыспалы құраммен арнайы кесте бойынша өткізіледі. Ұйым жыл бойы оқушылармен жұмысты ұйымдастырады, демалыс уақытында оқушылармен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдермен) мәдени-көпшілік жұмыс жүргізіп, толыққанды бос уақыт пен демалыс үшін бар мүмкіндіктерді, оның ішінде тұрақты немесе ауыспалы құраммен үйірме және басқа да сабақтарды, практикаларды, жорықтарды, экскурсияларды және т. б. ұйымдастырады.
Оқыту тілі Қазақ, орыс

 

Облыстық экологиялық-биологиялық орталықтың мақсаттары, міндеттері мен функциялары
 
Тақырыбы: «Қосымша білім беру ұйымдарында бала тұлғасының шығармашылық қалыптасуы»
 
Мақсаты: Кешенді тәрбие, бала тұлғасының білім, адамгершілік, эстетикалық құндылықтарын қалыптастыру және дамыту
 
Қызмет түрі: жаратылыстану-ғылымы және экологиялық-биологиялық бағыттағы қосымша жалпы білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысады. Сабақтар орталық базасында, Орал қаласының мектепке дейінгі, бастауыш және жалпы орта білім беру ұйымдарында, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған мамандандырылған білім беру мекемелерінде, балалар ауылында және т. б. өткізіледі. Батыс Қазақстан облыстық экологиялық-биологиялық орталығы Батыс Қазақстан облысында экологиялық-биологиялық бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырады.
 
Ұйымның міндеті:
  • экологиялық-биологиялық қызмет саласында және ауыл шаруашылығы, өндірісі саласында білім алушыларға кәсіби өзін-өзі анықтауына жәрдемдесу;
  • оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға деген қызығушылығын дамытуға және белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға ықпал ету;
  • экологиялық-биологиялық және мәдени-адамгершілік саласында білім алушылардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі танытуына және құзыреттілік дамуына жәрдемдесу;
  • педагогикалық және әкімшілік қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруға ықпал ету.
  • шығармашылық және үнемі өзінің педагогикалық шеберлігінің деңгейін арттыратын педагогтар ұжымын қалыптастыру. 

 

Ұйымның функциялары:
  • жаратылыстану, көркем, әлеуметтік және педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
  • облыстық деңгейде бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу атап айтсақ форумдар, байқаулар, семинарлар, фестивальдар, конференциялар,  көрмелер, далалық және еңбек сараманы оқушылар және жастармен;
  • оқытушылармен, қосымша білім беру педагогтерімен, экологиялық және биологиялық білім беру әдіскерлерімен экскурсиялар жүргізіп, облыстық семинарлар, тренингтер, конференциялар өткізу;
  • экологиялық-биологиялық бағыта жұмыс атқаратын педагогтердің оң тәжірибесінен әдістемелік білімді жинау, жүйелеу және тарату;
  • жаңа педагогикалық технологияларды енгізуші педагогтерге, экологиялық білім берудің инновациялық формалары мен әдістеріне әдістемелік және психологиялық көмек көрсету;
  • «Балалар хайуанаттар бағы», оқу тәжірибе үлескесі, жылыжай, тәлімбақ және Альпі шоқысы оқу-тәрбиелік кешенін дамыту;
  • орталықты жетілдіру, педагогтер мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау.
 
Облыстық экологиялық – биологиялық орталығы қала, облыс мектептері оқушыларымен натуралистік, экологиялық жұмыстар жүргізетін координациялық,
әдістемелік орталық болып табылады. Мақсаты балаларда табиғатты сақтауға, зерттеулер жұмыстарын жүргізуге, экологиялық шаралар, конференциялар, форумдар, слет, жазғы далалық сараман және т.б. өткізу арқылы тәрбиелеу.
 
Облыстық экологиялық – биологиялық орталығы базасында 41 үйірме 548 оқушы балабақша балаларынан бастап мектеп түлектеріне дейін қамтылған жұмыс жасайды.
 
Дарынды, талантты оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында облыстық экологиялық-биологиялық орталық өздерінің қабілеттерін және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында жыл сайын халықаралық және республикалық байқауларға қатысады.
 
Орталықың бюджеттен тыс қор есебінен балалар хайуанаттар бағы жұмыс жасайды. Жануарлар коллекциясында жергілікті және экзотикалық фаунаның 100 түр 400-дей дарақ бар. Олардың ішінде сүтқоректілердің 27 түрі, құстардың 36 түрі,балықтың 37 түрі, амфибия және бауырмен жорғалаушылар кездеседі. Сонымен қатар хайуанаттар бағында Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енген жабайы жануардың 4 түрі бар. Хайуанаттар бағы үйірме мүшелеріне, облыс мектеп оқушыларына, ЖОО және колледж студентеріне сарамандық зерттеу базасы, олармен сабақ, экскурсиялар, бақылау жұмыстары, тәжірибе, ғылыми – зерттеу жұмыстары жануарларды ұстау және көбейту, олардың қолда үйренуі, жануарлар мен құстарға қолайлы жағдай жасауды үйренеді.
 
Штатта бөлім меңгерушісі және мал дәрігері мен 4 мал күтетін жүмысшылар қызмет жасайды. 
 
Балалар хайуанаттар бағы тұрғындар арасында өте танымал, бұл жерге тек балалар ғана емес үлкен адамдар да қыдырып демалады. Экологиялық – биологиялық орталық балалар ауылы тәрбиеленушілеріне, мектеп – интернаттарға, ерекше білімді қажет ететін балаларға эксурсия жүргізеді. Соңғы үш жылда орталыққа 155 мың адам келген.
 
Балалар хайуанаттар бағы шетел азаматтары, ТМД делегациясы, Қазақстан және  Россия оқу орындарының ғалымдары, республикалық және облыстық БАҚ өкілдерінің қызығушылықтарын тудырады.
 
Жарты ғасырдан астам уақыттан бері облыстық экологиялық – биологиялық орталығы қоршаған ортаны танып білем деген барлық балаларға есігі ашық. Облыстық экологиялық–биологиялық орталығы жаңа статусын 2007 жылы ғана алды, бұған дейін облыстық жас натуралистер станциясы деп аталды. Облыстық экологиялық биологиялық орталықта директор башылығымен керемет коллектив жиналған, тәжірибелі және жас шығармашыл және рухани бай адамдар жинақталған.
 
Қазіргі таңда мұнда 12 қосымша білім беру педагогы қызмет атқарады.