БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Семинарлар

«Оқу-тәжірибе жұмыстары арқылы оқушылардың экологиялық құзыреттілігін қалыптастыру» атты  облыстық семинар қорытындысы

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының 2022 жылдың 11 қарашаның №3-10/5525 хатына сәйкес  облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 28-шы қараша күні «Оқу-тәжірибе жұмыстары арқылы оқушылардың экологиялық құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы облыстық  семинар  өткізілді.

Семинарға 11 аудан, Орал қаласы әдіскерлері, биология пәні мұғалімдері және «Экомектеп» жобаға жауапты мамандар қатынасты. Барлығы 43 педагог. Шыңғырлау ауданы катыспады.

Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы   Батыс Қазақстан облысы бойынша  педагогикалық қызметкердің біліктілігін арттыру институтының әдіскері Абишева Алина Муратовна  өз сөзінде заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын еліміздегі білім беру процесіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасын бойынша мектеп мұғалімдері өз білімдерін көтеріп, қазіргі замануаи білім берудегі талаптарына тоқталды..
М.Өтемісұлы атындағы Батыс Казақстан Мемлекеттік Университетінің жаратылыстану география, биология және экология кафедрасының аға оқытушысы) Кажымуратова Жаннат Санкибаевна экологиялық құзыреттілікті қалыптастырудағы мектеп оқушыларымен жүргізілетін жұмыстардың түрлерімен  таныстырды.

ПШО Орал қаласындағы филиалының тренері , химия магистрі Капанова Гульмира Гайсиевна «STEAM бағытында оқушылардың жоба жұмысын PBL ұйымдастыру тәсілдері» таныстырды және  STEAM тәсілін жобаларға енгізу қажет деп айтты.

 «Атамекен»  БЖТжЭО  экология бөлім меңгерушісі Анатолий Райымбек Кайратұлы  мектепте экскурсиялық далалық сараман жұмыстарын жүргізу әдістерімен таныстырды және ерекшеліктерін атап өтті.

№42 «Ақ ниет» мектеп- гимназиясының  биология пәні мұғалімі Каберова Замзагуль Файзуллиновна  дәнді дақылдардың жасыл өскінін  және  жасыл көкөністердің өсіруідің әдістері  бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Ақтау ЖОББМ директоры Иргалиева Баян Женисмуратовна «Экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы экожобаны жүргізудің тиімділігі» жобасымен  таныстырды.

ОЭБО директордың оқу ісі жұмыстары жөніңдегі орынбасары  Нуралиева Гулжайна Мактаугалиевна 2022 жылғы облыстық шаралар және экомектеп жобасының қорытынды мониторингі таныстырды.

Казталов ауданы, Қараөзен мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Мукешова Гулжан Шантемировна «Экомектеп» жобасы аясында оқушылардың экологиялық санасын қалыптастыру жолдарымен бөлісті.

ОЭБО қосымша білім беру педагогі Кулмажитова Айнур Маратқызы раушангүлін күзгі калемшілеу әдістірін көрсетіп шебер-сыныбін өткізді.

ШҚ «Уланов» директоры Уланова Елена Константиновна питомникке  экскурсия өткізіп  және өсімдіктердің зиянкестерімен күресу жолдарырын атап өтті.

Семинар пікір алмасу және ұсыныстар түрінде қорытынды шығарумен аяқталды.  Семинардың барлық қатысушылары семинардың жұмысына, іс-шараның ұйымдастырылуына және жалпы ахуалына жоғары баға берді.

Семинардың нәтижесі-педагогтардың жұмысын жаңа деңгейге көтеретін, шығармашылық жетістіктерге бағыттайтын тиімді тәжірибе болды.Семинар соңында қатысушыларға облыстық экологиялық-биологиялық орталығының сертификаты берілді.


корытынды семинар 2021

 

«Оқушыларға оқу-зерттеу қызметі арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру»  атты   облыстық  семинар  2020ж

 

«Экология, биология бағыты бойынша;

 

«Экологиялық – биологиялық бағыт;

 

«Экологиялық көпір»

 

«Работы по озеленению: содержание, этапы»