БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Өсімдіктер әлемі бөлімі

Өсімдіктер әлемі бөлімінің меңгерушісі  Каумбаева Фиягуль Кубиновна.

Қызметтік бағыты:

  • жаратылыстану-ғылыми бағытындағы 7 қосымша білім беру бағдарламасын іске асыру;
  • қала және облыс мұғалімдеріне, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілеріне мектеп жанындағы оқу-тәжірибе үлескісі, мектеп орманшылығы, ішкі және сыртқы көгалдандыру, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша семинар өткізу, әдістемелік және сарамандық көмек көрсету;
  • мектеп оқушылары мен студенттердің өндірістік және оқу практикаларын ұйымдастыру және өткізу;
  • оқу-тәжірибе үлескісі, жылыжай қызметін ұйымдастыру;
  • үйірме жұмысы; жалпы көпшілік экологиялық, табиғатқорғау және т.б. шараларды өткізу.