БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде І облыстық жазғы далалық «Бір апта табиғат аясында» экологиялық мектеп

Облыстық білім басқармасының облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен  30.07 – 04.08.2019 аралығында Шыңғырлау ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  І облыстық жазғы далалық «Бір апта табиғат аясында» тақырыбындағы экологиялық мектеп өткізілді. 

 

Мақсаты педагогтердің биология, экология, география саласында өздерінің білімдері мен шығармашылық қырларын жетілдіруге мүмкіндік беру, ғылыми – зерттеу жұмыстарына қызықтыру, қоршаған ортаны зерттеуде практикалық білімін дамыту.

 

 Жазғы далалық «Бір апта табиғат аясында» тақырыбындағы экологиялық мектепке Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Қаратөбе, Шыңғырлау, Жәнібек аудандары және Орал қаласынан №№3, 42 «Ақниет» гимназиясы қатысты. Барлығы 11 педагог болды.

 

Педагогтерге М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің табиғи мұра және биоалуантүрлілік мониторингінің зерттеу лабораториясының жоғары ғылыми қызметкері Сарсенова Б.Б және ғылыми қызметкер Шпигельман М.И орнитология, флористика, геоботаника бағыттары бойынша толықтай түсіндіріп, дәріс беріп далалық сараман жүргізді. 

 

Қатысушы педагогтер далалық сараман кезінде Шыңғырлау ауданының «Ақ-құм», «Қонақай» өзені, «Жіңішке бөгеті» (Жанакүш су қоймасы), Қыземшек тауы мен Шоқайтерек сияқты көрнекті елді мекендерін аралап, зерттеді. Қатысушылар орнитология, флористика, геоботаника бағыттары бойынша сынақ тапсырып, сертификат берілді.