Облыстық "Оқушылардың
экологиялық бизнес - жобасы" байқауы
2019 жылдың 21 ақпан күні қоғамның әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешу жолдарын қарастырып, кәсіпкерлік қызметке ынталандыру, талантты да талапты жастарды анықтау, белсенді, құзіретті, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында облыстық «Оқушылардың экологиялық бизнес-жобасы» өткізілді.
Байқауға 10 аудан, Орал қалалық №№19,31,36, Круглоозерный жалпы орта білім беретін мектептері қатысты.
Облыстық "Оқушылардың
экологиялық бизнес-жобасы" байқауының қорытындысы бойынша:
І орын - Марат Бекжан Бөкейорда ауданы, Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
ІІ орын - Демеуов Даниял, Махамбетов Сәкен Орал қаласы, Б.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебі;
ІІ орын - Сұлтанғалиев Дәулет Теректі ауданы, Шаған жалпы орта білім беретін мектебі;
ІІІ орын - Сапиев Шыңғыс №19 жалпы орта білім беретін мектебі;
ІІІ орын - Баконова Райхан Ақжайық ауданы, М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
ІІІ орын - Сумкин Кирилл, Досжанов Назар Орал қаласы, Круглоозерный жалпы орта білім беретін мектебі;
Алғыс хат - Ақатайқызы Айнел, Утигалиев Эльнар Бәйтерек ауданы, мектеп гимназия;
Алғыс хат - Жуманьязова Анель Бәйтерек ауданы, Камен жалпы орта білім беретін мектебі.