БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Облыстық қашықтан өткізілген «Экосоқпақ» жас экологтар мен натуралистер слетінің қорытындысы

 

 

Облыстық қашықтан өткізілген «Экосоқпақ» жас экологтар мен натуралистер слетінің қорытындысы

 

Білім басқармасының 2021 жылғы 09 маусымдағы №404 бұйрығына сәйкес оқушыларда экологиялық сауатты мінез–құлық және табиғатқа саналы көзқарас қалыптастыру, оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру, қоршаған ортаны зерттеуде практикалық білімін дамыту мақсатында ағымдағы жылдың 01 – 08 шілде аралығында облыстық «Экосоқпақ» жас экологтар мен натуралистер слеті қашықтан өткізілді. 

Слет келесі бағыттар бойынша өтті: флористика, орнитология, энтомология.

Слетқа 12 аудан, Орал қаласының №№21,49 жалпы орта білім беретін мектептері, Ә.Молдағұлова ат. №38 мектеп – лицейі, №41 мектеп-лицейінен барлығы 34 жұмыс қатысты.

Қазылар алқасы Тасқала, Бөкей ордасы аудандарының және Орал қаласының жақсы дайындықтарын атап көрсетті.

Флористика номинациясы бойынша:

1 орын – Серік Мадина, Орал қаласы, №41мектеп-лицейінің оқушысы;

2 орын – Мақсот Алтыншаш , Қаратөбе ауданы, Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы;

3 орын – Серікқызы Аяулым, Теректі ауданы, Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы;

3 орын – Шайхева Венера, Бәйтерек ауданы, Щапов жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы;

Алғыс хат – Абдирова Альбина, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова ат. №38 мектеп – лицейінің оқушысы;

Алғыс хат – Махамбетова Айзере, Бөкей ордасы ауданы, Жәңгірхан ат. жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы.

Орнитология номинациясы бойынша:

1 орын – Насипкалиева Нурайна, Бөкей ордасы ауданы, С.Бабажанов ат. жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы;

2 орын – Ибрашева Мөлдір, Ақжайық ауданы, Абай ат. мектеп – гимназиясының оқушысы;

3 орын – Арғынова Инабат, Казталов ауданы, Көктерек жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы;

3 орын – Тагаева Айымгүл, Тасқала ауданы, Сәулет мектеп – лицейінің оқушысы.

Энтомология номинациясы бойынша:

1 орын – Жеңіс Инабат, Тасқала ауданы, Сәулет мектеп – лицейінің оқушысы;

2 орын – Есқайырова Дельназ, Казталов ауданы, Көктерек жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы;

3 орын – Ибрашева Әсемгүл, Ақжайық ауданы, Абай ат. мектеп – гимназиясының оқушысы;

3 орын – Аманғали Нұр –Мұхамбет, Бөкей ордасы ауданы, Ш.Жексенбаев ат. жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы;

Алғыс хат – Максимқызы Назерке, Теректі ауданы, Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы;

Алғыс хат – Мугадерова Малика, Бәйтерек ауданы, Щапов жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы.

Слеттің әр номинациясы бойынша жеңімпаздар облыстық білім басқармасының грамоталары және сыйлықтарымен марапатталды.