ББ 2021 жылғы «_____»________
№______бұйрығына
1 – қосымша
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде
«Экоболашақ» экологиялық жобалардың
қашықтан облыстық байқауы туралы ережесі
- Жалпы ережелер
Мақсаты: оқушылардың еліміздің жарқын болашағы мен дамуы туралы оң көзқарастарын қалыптастыру. Балалардың жеке басының үйлесімді экологиялық дамуына ықпал ететін тиімді жағдайлар жасап, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу
Міндеттері:
-табиғи ортаның жағдайын бағалау қабілетін дамыту;
- табиғи ортаның жағдайын жақсарту бойынша дұрыс шешім қабылдау;
-қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
- Өткізу мерзімі мен орны
2.1. «Экоболашақ» экологиялық жобалардың қашықтан облыстық байқауы 2021 жылдың 19-22 сәуір аралығында өткізіледі.
2.2. Облыстық экологиялық жобалар байқауына қатысу туралы сұранысты және жұмыстарын 2021 жылдың 15 сәуіріне дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. поштасына жіберілуі тиіс. 15 сәуірден кейін түскен жұмыстар қабылданбайды. Байланыс телефоны 50-47-97.
- «Экоболашақ» экологиялық жобалардың
қашықтан облыстық байқауына
3.1. Жалпы білім беретін мектеп, гимназия, облыстық мекемелері мен қосымша білім беру орталықтарының 5-10 сынып білім алушылары қатысады. Экологиялық жобалар байқауына аудан және қалалық кезеңінің
1 орын жеңімпаздары ғана қатыса алады.
Аудан, қала білім бөлімі басшыларының қолымен бекітілген сұраныстар қабылданады.
- Жұмыстардың мазмұны және ресімдеу
4.1. Облыстық экологиялық жобалар байқауы келесі номинациялар бойынша өтеді:
- «Біз экоград құрамыз» номинациясы – «Экологиялық таза өлке» атты 3-5 минуттық анимациялық бейнеролик. (7-10 сынып оқушылары қатыса алады, аудандардан 1 жұмыс, қаладан 2 жұмыс ). Қарастырылатын күні: 19.04.2021
Қойылатын талабы: анимациялық бейнероликте музыкалық және дыбыстық сүйемелдеудің болуы және бейнеролик сапасының жоғары болуы.
- «Zero waste» (қалдықсыз өмір) номинациясы – ескі, қажетсіз заттардан (киімдер, ойыншықтар, жихаздар, техникалар) әртүрлі бұйым жасау арқылы қалдық заттарға екінші өмір сыйлау. Оқушының бұйымды жасау процесінен
3 минуттық видеосы жұмыс барысынан болуы керек. (5-8 сынып оқушылары қатыса алады, аудандардан 1 жұмыс, қаладан 2 жұмыс ).Қарастырылатын күні:21,04,2021
Қойылатын талабы: байқауға кез келген қолжетімді құралмен түсірілген (жасалған) байқаудың тақырыбына сәйкес келетін жұмыс барысы көрсетілген бейнероликтер ұсынылады. Бейнероликті монтаждау және түсіру барысында арнайы бағдарлама мен құралдарды пайдалану – қатысушының шешімі бойынша.
Бейнероликтердің техникалық сараптамалық бағалануы мынадай өлшем шарттар бойынша жүзеге асырылады:
– бейнетүсірілім сапалылығы;
– арнайы көрнекі құралдармен жұмыс істеу деңгейі;
– эстетикалық жұмыс (жалпы эмоциялық қабылдау);
– жұмыстың берілген талаптарға сәйкестігі.
-«Ақылды үй» номинациясы - 5 минуттан аспайтын бейнежазба. (7-10 сынып оқушылары қатыса алады, аудандардан 1 жұмыс, қаладан 2 жұмыс ).
- Пәтеріңдегі экотазалық (су шығыны, қалдықты сұрыптау т.б.) Қарастырылатын күні: 20.04,21
2.Энергияны үнемдеу (табиғи ресурстарды үнемдеу мақсатында энергияның балама көздерін іздеу).
Қойылатын талабы: байқауға кез келген қолжетімді құралмен түсірілген (жасалған) байқаудың тақырыбына сәйкес келетін бейнероликтер ұсынылады. Бейнероликті монтаждау және түсіру барысында арнайы бағдарлама мен құралдарды пайдалану – қатысушының шешімі бойынша.
Бейнероликтердің техникалық сараптамалық бағалануы мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:
– бейнетүсірілім сапалылығы;
– арнайы көрнекі құралдармен жұмыс істеу деңгейі;
– эстетикалық жұмыс (жалпы эмоциялық қабылдау);
– жұмыстың берілген талаптарға сәйкестігі.
- «Healthy life» номинациясы – «Жетістікке апарар жол – салауатты өмір салты» суреттер байқауы (А3 формат). (5-7 сынып және 8-10 сынып оқушылары қатыса алады, аудандардан 1 жұмыс, қаладан 2 жұмыс). Қарастырылатын күні:22.04.21
Жұмыс А3 форматтағы альбом (қатты) қағазда орындалады. Орындау техникасы: акварель, тушь, гуашь, түсті қарындаштар, пастель. Жұмыстың оң жақ төменгі бұрышында автордың аты-жөні; аудан (қала); жұмыстың аты; жетекшінің аты-жөні жазылады. Орындалған суреттердің фотосуреттері ұсынылады (3 фотосурет жұмыс барысынан).
Жұмысты бағалау критериі: ойдың оригиналдығы; таңдалған техниканың оригиналдығы; орындау сапасы; берілген тақырыпқа сәйкестігі; безендіру талаптарына сәйкестігі; жұмыстың автордың жас ерекшелігіне сәйкестігі.
4.2. Байқау жұмыстары әрбір номинация бойынша өнертапқыштық және қиял – ғажайып мазмұнда болуы мүмкін.
4.3. Ғаламтор желісінен көшірілген жұмыстар қабылданбайды.
- Марапаттау
5.1. «Экоболашақ» экологиялық жобалар байқауының жүлдегерлері облыстық білім басқармасының грамоталары, алғыс хат және сыйлықтармен марапатталады.
- Күтілетін нәтиже
Байқау жұмыстарын орындау кезінде оқушылар экологиялық мәдениетке, еліміздің жарқын болашағы мен дамуына оң көзқарастары қалыптасады. Қалдықтарды сұрыптап, зиянды қалдықтарды жою туралы білімдері артады. Салауатты өмір салтын ұстануға бейімделеді. Экологиялық жобалар байқауының үздік жұмыстары әлеуметтік желілерде жарияланады.