БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Рухани жаңғыру бағдарламасын шеңберінде Облыстық жазғы далалық «Табиғатпен үндесу» ІІІ –ші экологиялық мектебінің Ережесі

   ББ 2021 жылғы « » ______

№ _____   бұйрығына

1 - қосымша

 

Рухани жаңғыру бағдарламасын шеңберінде Облыстық жазғы далалық «Табиғатпен үндесу» ІІІ –ші экологиялық мектебінің

Ережесі

           Қашықтықтан өткізілетін жазғы жазғы далалық ІІІ –ші экологиялық мектептің мақсаты - педагогтер мен оқушылардың  биология, экология бойынша білімдері мен шығармашылық қырларын жетілдіруге мүмкіндік беріп, ғылыми – зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттырып, қоршаған ортаны зерттеуде практикалық білімдерін дамыту.

Міндеттері:

 - далалық және өлкетану зерттеулерінің тәжірибелік дағдыларын дамыту, жобалық қызметке дағдылану;

-  экологиялық проблемаларды шешуге қатысуға тарту.

  1. Өткізу уақыты мен орны

1.1. Жазғы далалық ІІІ - ші экологиялық мектеп жазғы зерттеу конференциясы ретінде қашықтан өткізіледі.

Экологиялық мектептің ашылуы: 01 шілде 2021 жыл сағат 15.00 онлайн –Zoom арқылы өтеді (алдын ала сілтемесі жіберіледі). Ашылу салтанатында зерттеу және жобалау жұмыстарының тақырыптары беріледі.

1.2.Конференция  қорғау онлайн -Zoom арқылы 06 - 08 шілде аралығында өтеді.

2.3.Қатысушының (жетекші, оқушы) Т.А.Ә. туған жылы, мектептің мекен-жайы, мамандығы мен қызметі, оқушының сыныбы және жетекшінің WhatsApp нөмірі көрсетілген жазғы далалық ІІІ – ші экологиялық мектепке қатысу туралы Орал қаласының және аудандық білім беру бөлімдерінің басшыларының қолы қойылған сұраныс 2021 жылдың 25 маусымға  дейін облыстық экологиялық-биологиялық орталығы, тел/факс 50-47-97, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. бойынша қабылданады.

  1. Қатысушылар

Қашықтықтан өткізілетін жазғы далалық ІІІ - ші экологиялық мектепке облыстық І және ІІ - ші экологиялық мектепке қатысқандар және жалпы орта білім беретін ұйымдардың, облыстық білім беру ұйымдарының және мектептен тыс жұмыстар орталығының педагогтері мен оқушылары қатысады. Әр ауданнан 2 педагог 2 оқушы, қаладан 4 педагог, 4 оқушы қатыса алады.

  1. Жұмыстардың мазмұны

Зерттеу және жобалау жұмыстарының тақырыптары:

  1. Зерттелетін аймақтағы өзеннің экологиялық жағдайын көзбен бағалау.
  2. Биоиндикация әдісімен зерттелетін аймақтағы өзеннің экологиялық жағдайын анықтау.
  3. Зерттелетін аймақтағы ландшафтқа антропогендік әсер ету дәрежесі.
  4. Зерттеу ауданындағы өзеннің гидрологиялық зерттеуі.
  5. Шөлейт аймақтың флорасы мен фаунасының түрлік әртүрлілігі.
  6. Ыстықтау ауданындағы табиғат ескерткіштерінің жағдайы.
  7. Зерттелетін аймақтағы ландшафтқа антропогендік әсер ету дәрежесі.
  8. Зерттелетін аймақтағы аумақтың рекреациялық мүмкіндіктері.
  9. Зерттелетін аймақтағы өзеннің жай-күйін және оның рекреациялық аймақтарын бақылау.
  10. Зерттелетін аймақтағы орман фитоценоздарын зерттеу.
  11. Зерттелетін аймақтағы флора мен фаунаның қорғалатын түрлері.
  12. Зерттелетін аудандағы флораның (фаунаның) түрлік құрамын бағалау.
  13. Құстардың таралуы, салыстырмалы саны және өнеркәсіптік маңызы
  14. Сирек кездесетін құстардың ерекшеліктері
  15. Орнитофаун туралы. Құстардың алуан түрлілігі.
  16. Жәндіктердің географиялық таралуы
  17. Жәндіктердің минималды мөлшерін не шектейді
  18. Медициналық энтомология
  19. Масалар және сары безгегі (трансмиссивті аурулар мәселелері)
  20. Жәндіктер экологиясы
  21. Жәндіктердің жаппай көшуі
  22. Жәндіктердің ұшуы
  23. Жәндіктердің аумақтық мінез-құлқы

Жазғы далалық ІІІ – ші экологиялық мектепбінің қатысушылары  жоғарыдағы тақырыптар бойынша І – ІІ экологиялық мектепте жүргізілген зерттеулері бойынша жинақталған жұмыстарын қорғайды. Қорғау уақыты 5 минут. Презентация түрінде қорғалады.

  1. Жазғы далалық ІІІ экологиялық мектептің

қатысушыларына қойылатын талаптар

4.1. Педагогпен оқушы бірдей тақырып таңдап, зерттеудің мақсатымен міндетін педагог түсіндіруі қажет, оқушы жұмыстың барысы және қорытындысын баяндайды.

- жұмыстың мақсатын;

- тақырыптың өзектілігін;    

- қойылған мақсатқа жету әдістерін;

- нәтижелердің ғылыми және практикалық құндылығын;

- жұмыстың негізгі қорытындыларын айтуы қажет.

Бағалау өлшемдері:

-зерттелетін мәселелердің өзектілігі мен жаңашылдығы;

-жүргізілген зерттеулердің деңгейі мен көлемі;

-қойылған міндеттердің орындалу нәтижесі;

-жұмыстың практикалық маңызы;

-автордың қосқан жеке үлесі;

-сөйлеу шеберлігі.

5.Қатысушыларды марапаттау

   Жазғы далалық  ІІІ экологиялық мектептің қорытындысы бойынша  жеңімпаз педагог және оқушы облыстық білім басқармасының грамоталары және сыйлықтарымен марапатталады.