БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Акция қорытындысы

«Тәрбие және білім» бағдарламасының аясында оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; табиғатқа деген сүйіспеншілікке, барлық тіршілік иесіне құрметпен қарауға, экологиялық мәдениет қалыптастыру мақсатында 2018 жылдың 12 ақпан күні "Жүректен жүрекке" экологиялық қайырымдылық акциямыздың жалғасы Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы облыстық мектеп-интернаты базасында өтті. 

 

Акция басында оқушыларға жануарлар дүниесі туралы қызықты фильм көрсетілді. Бөлме гүлдерін күтіп – баптауға үйрету жөнінде орталығымыздың педагогы оқушыларға кішігірім шеберлік сабағын өткізіп, балалар өздері де гүл отырғызуды үйренді. Акциямыз әрі қарай қоршаған орта табиғаты ондағы өмір сүретін өсімдіктері мен жануарлары туралы білімдерін кеңейту мақсатында "Экоквест" ойыны өткізілді.

 

Бұл ойында оқушылар

 

1)Қызыл кітап; 2) Биоценоз; 3)Қара жәшік; 4)Балық аулау; 5)Жануарлар дыбыстары деп аталатын 5 орталықтан өтіп, әр орталықтың тапсырмаларын үлкен қызығушылықпен орындап, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, көтеріңкі көңіл – күймен қатысты.  Акция соңында оқушылар мен олардың жетекшілері жылжымалы жануарлар бағын тамашалады