Білім басқармасының 2018 жылдың 23 қаңтардың № 53 бұйрығына сәйкес «Туған жер» бағдарламасының шеңберінде 23 ақпан күні оқушылар бойында қоршаған ортаның экологиялық жағдайын меңгеру мен бағалау бойынша практикалық дағдыларының жүйесін қалыптастыру, оқушыларды экологиялық бағыттағы кәсіпкерлікті жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, ынталандыру және өздерін болашақ маман ретінде елестете алу білімдерін дамыту мақсатында "Тұрақты даму үшін экологиялық білім бойынша балалар бизнес – жобасы байқауы өтті.
Бизнес – жоба байқауына 9 аудан, Орал қ, №19, 36 ЖОББМ қатысты Барлығы 25 оқушы.
Жәнібек, Қаратөбе, Казталов аудандары қатыспады. Облыстық бизнес – жоба байқауы 3 номинация бойынша өтті. Қазылар алқасы Зеленов, Тасқала, Бөрлі, Бөкей Ордасы, Теректі аудандарының жақсы дайындықтарын атап көрсетті.
Облыстық бизнес - жоба байқауының қорытындысы бойынша:
Гран – При -100 000тг- Щелкова Е. Зеленов ауданы, Үлкен шаған ЖОББМ;
І орын -90 000тг - Изгалиев Т. Тасқала ауданы Крутой НОББМ;
ІІ орын-50 000тг - Рамазанов Б. Бөрлі ауданы, Ақсай қ., №3 ЖОББМ;
ІІІ орын - Маратов Т. Бөкей Ордасы ауданы ;
ІІІ орын – Казиева А. Зеленов ауданы, Чуваш ЖОББМ;
ІІІ орын – Жарасов А. Теректі ауданы, Магистрал ЖОББМ;
Алғыс хат – Қайырғалиев А. Теректі ауданы, Шаған ЖОББМ.
Бизнес – жоба байқауында № 19 ЖОББМ оқушысы Сапиев Шыңғысқа өзінің жобасын әрі қарай іске асыру үшін 150 000 тг көлемінде кәсіпкер тарапынан демеушілік көрсетілді. Қазіргі таңда Шыңғыс өзінің мүмкіндігі шектеулігіне қарамастан осындай көптеген байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.