Білім басқармасының облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығына арналған 5 маусым күні балалар мен жасөспірімдерді экологиялық білімнің белсенді түріне тарту, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Гүлдер әлемі» облыстық фестивалі өтті.
Облыстық фестиваль 3 номинация бойынша өтті.
- «Мерейтойыңмен, Астана!»;
- «Гүлдер вальсі»;
- «Астана – болашақтың қаласы».
Фестивальге 12 аудан және Орал қаласы №№ 20,26,44 жалпы орта білім беретін мектептері, облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп – интернат кешені, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат кешені. Барлығы 50 қатысушы болды.
Қазылар алқасы Орал қаласы және Жаңақала, Сырым, аудандарының жақсы дайындықтарын атап көрсетті.