БҚО білім басқармасының 2018 жылғы 27 наурызындағы № 239 бұйрығына және жұмыс жоспарына сәйкес облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған өлкені зерттеу, оқушылардың биология, экология, география саласында өздерінің білімдері мен шығармашылық қырларын танытуға мүмкіндік беру, оқушыларға қоршаған ортаның экологиялық жағдайымен таныстырып, баға беруге үйрету мақсатында ағымдағы жылдың 13-16 маусым аралығында «Шыңғырлау ауданының ландшафтарын зерттеу» экологиялық экспедициясы өткізілді.
Экспедицияға Зеленов, Теректі, Қаратөбе, Шыңғырлау аудандары, Орал қаласы «Атамекен» экология және туризм орталығы және облыстық экологиялық-биологиялық орталығының оқушылары мен үйірме мүшелері қатысты. Барлығы 32 адам болды.
Экспедиция қорытындысы бойынша қатысушылар сынақ тапсырды.
Экологиялық экспедицияның мазмұны:
1.Өлкетану
2.Флористика: зерттелетін аумақ өсімдіктерінің алуантүрлілігін зерттеу.
3. Фауна: жәндіктердің, құстардың, аңдардың және т.б. алуантүрлілігін зерттеу.
4. Экожүйеге сипаттама: орман, дала, шөл, су қоймасы.
Экспедиция барысында қатысушылар Шыңғырлау ауданының табиғат байлықтарымен танысып, зерттеді: «Қонақай» көлі, «Елек» өзені, «Шоқайтерек» табиғаты, «Торыатбас» тауы, «Сарқырама» су құламасы, «Қыземшек» тауы, «Аққұм» қорықшасы.
Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы экспедицияның қорытындысы бойынша Шыңғырлау ауданының өсімдіктері бойынша әдістемелік ұсыным мен глоссарий шығарады.
https://detzoo-zko.kz/novosti-kz/122-shy-yrlau-audanyny-landshaftaryn-zertteu-ekologiyaly-ekspeditsiyasy.html#sigFreeId6fdb9bbd1b