Білім басқармасының 2018 жылғы 5 шілдедегі № 616 бұйрығына және жұмыс жоспарына сәйкес облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен оқушылардың биология, экология, география саласындағы білімдері мен шығармашылықтарын арттыруға және мамандық таңдауға мүмкіндік беру, Жигулев мемлекеттік қорығымен танысу мақсатында ағымдағы жылғы 26-28 шілде аралығында РФ Самара облысында халықаралық жас зерттеушілер экспедициясы өткізілді. Экспедицияға облыстық жас натуралистер мен зерттеушілер слетінің жеңімпаздары, облыстық экологиялық-биологиялық орталығының педагогтері мен үйірме мүшелері қатысты.
Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы (Ф.Кержикова) экспедицияның қорытындысы бойынша жинақталған кеппе шөптерді өңдеп, жүріп өткен маршрут бойынша жинақ кітапша шығарылсын, үйірме сабақтарында қосымша білім беру педагогтері пайдаланады.