БҚО білім басқармасының облыстық экологиялық – биологиялық орталығы үйірме мүшелері және педагогтары ағымдағы жылдың 11 -12 қазан күндері облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп – интернат кешені мен облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаты тәрбиеленушілеріне «Мейірбандық күндері» атты облыстық қайырымдылық айлығы шеңберінде «Экологиялық квест» өткізді. Оқушылар өте қызығушылықпен қатынасып, экологиялық ребус жұмбақтар шешіп, экологиялық мозайқалар құрап, қара жәшіктен жасырынған жануарларды тауып, арнайы түрлі – түсті қораптарға қоқыс орналастыру ойындарын ойнады. Орталықтардың ауласына сумах (сірке ағашы), жылауық тал көшеттері егілді. Бұндай акциялар өз жалғасын алдағы уақытта табады.