БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
«Шексіз әлем балалар көзімен» атты облыстық байқауы

БҚО Білім басқармасының облыстық экологиялық – биологиялық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 27 қараша күні ерекше білімді қажет ететін балалар шығармашылығын дамытуға, табиғатқа, отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімдерді тәрбиелеу, жағымды көңіл-күй қалыптастыру мақсатында «Шексіз әлем балалар көзімен» атты облыстық байқауы өткізілді.

 

Байқау 3 номинациадан тұрды:

«Қазақстан – туған өлкем, Табиғатың қандай көркем!» - суреттер байқауы(сол жерде салынды);
«Хэнд-мэйд –өз қолыңмен жасалған ғажайыптар» (сол жерде жасады); Мәнерлеп оқу байқауы «Кең байтақ менің елім» - оқушы өзі шығарған өлеңін оқыды.

Байқау жоғары деңгейде өткізіліп, балалар көңіл күйі көтерілді.