БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Қысқы демалыс

Абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді. Шаңғы, коньки тебу, сырғанау, аққала жасау, қарға аунап ойнау, міне, қыс мезгілін осындай ерекшелігі үшін кішісі де, үлкені де асыға күтеміз. Орталығымыздың үйірме мүшелері де қысқы демалыстарын осылай тиімді әрі өте қызықты өткізуде.