БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Қарағанды қаласында өткен «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының қорытынды есебі

2019 жылдың 11-12 маусым аралығында Облыстық экологиялық – биологиялық орталығының үйірме оқушылары және облыстық форум жеңімпаздары Қарағанды облысының, Қарағанды қаласында өткізілген «Табиғатты аяла»  жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің Республикалық форумына қатынысты. 

Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу. Форумға облыстық, Астана және Алматы қалалары жарыстарының жеңімпаздары – экологиялық-биологиялық бағытындағы қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты. БҚО бойынша форумға қатысушылар:

  1. Бактигерей Альбина Ақжайық ауданы
  2. Уксукбаева Гульнур Шыңғырлау ауданы
  3. Паритханов Сатжан Теректі ауданы
  4. Иньшина Арина Тасқала ауданы
  5. Ярунин Никита ОЭБО
  6. Рамазанов Бекжан Бөрлі ауданы
  7. Саленова Аружан Каратөбе ауданы
  8. Болатова Дильназ ОЭБО
  9. Буланова Эльназ ОЭБО

Республикалық форум номинациялары:

  1. «Туған өлкені зерттейміз» номинациясы - табиғатты қорғау және қорық аумақтары, табиғат ескерткіштері туралы зерттеу жобаларының байқауы, табиғат нысандары мен аумақтарына зерттеулер және экспедициялар туралы қорытынды есептері . Осы номинацияда Ақжайық ауданының оқушысы Бактигерей Альбина жобасын қорғады.
  2. «Жасыл экономика» номинациясы:

қалдықтарды басқару және қолдану жүйесін жетілдіруге; су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіруге; «таза» көлік құралын дамытуға;

табиғат ресурстарын саналы қолдануға бағытталған жобалар байқауы. Осы номинацияда  Бөрлі ауданының оқушысы  Паритханов Сатжан, Шыңғырлау ауданының оқушысы Уксукбаева Гульнур жобаларын қорғады.

  1. «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы - денсаулықты сақтау саласында тәжірибелік қызметті, адам денсаулығын сақтауға бағытталған экологиялық акциялар мен табиғатты қорғау іс-шараларын, адам денсаулығына қоршаған ортаның әсерін қамтитын жобалар байқауы. Осы номинацияда ОЭБО –ның үйірме мүшесі Ярунин Никита, Таскала ауданының оқушысы Иньшина Арина  жобаларын қорғады.
  2. «Экоәлем» номинациясы – көркейту, көгалдандыру бойынша жүргізілген экологиялық жұмыстар, өткізілген экологиялық акциялар, жылыжай, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік телімдер, мектеп орман шаруашылығы, экологиялық күзеттер жұмысы (патруль) бойынша видеороликтер презентациясы. Осы номинация бойынша Бөрлі ауданының оқушысы Рамазанов Бекжан жұмысын көрсетті.
  3. «Жасыл оазис» номинациясы – фитодизайнерлер байқауы . Байқау жұмысы еркін стилде флористика ережесіне сәйкес табиғи-өсімдік материалдан жасалды. Бұл номинация бойынша ОЭБО-ның үйірме мүшелері Буланова Эльназ Болатова Дильназ, Каратөбе ауданының оқушысы Саленова Аружан жұмыстарын жасап, қорғады.
  4. Экологиялық квест Жарыс қатысушылары бағдар картасында белгіленген бағыт бойынша бақылау пункттерін (бұдан әрі – БП) анықтады және тапты. Қатысушылар әр БП-інде сұрақтар мен тапсырмаларға жауап берді. Бұл номинация бойынша барлық оқушылар қатысты.                                              

Форум аясында біздің команда гүлдер аллеясын отырғызу бойынша экологиялық акцияға қатысты. Форумның барлық қатысушылары үшін "Фитохимия" кешеніне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Форум қорытындысы бойынша "Денсаулық және қоршаған орта" номинациясында Тасқала ауданының оқушысы Иньшина Арина 2 орын, және "Жасыл экономика" номинациясында Теректі ауданының оқушысы Паритханов Сатжан 3 орынға  ие болды. Барлық қатысушыларға сертификат берілді.