БҚО әкімдігі ББ "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" МКҚК
Облыстық "Оқушылардың экологиялық бизнес-жобасы" қорытындысы

Облыстық "Оқушылардың

экологиялық бизнес-жобасы" қорытындысы

 

БҚО білім басқармасының 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 45 бұйрығына сәйкес қоғамның әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешу жолдарын қарастырып, кәсіпкерлік қызметке ынталандыру, талантты да талапты жастарды анықтау, белсенді, құзіретті, бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеу мақсатында 28 ақпан  күні «Оқушылардың экологиялық бизнес-жобасы» байқауы өткізілді.    

Байқауға 11 аудан,  Орал қалалық №33, 35 жалпы орта білім беретін мектептері, М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты қатысты. Барлығы 14 оқушы болды.

Қазылар алқасы Сырым ауданының жақсы дайындығын атап өтті.  

 

Облыстық "Оқушылардың

экологиялық бизнес-жобасы" қорытындысы бойынша:

 

І орын – Амангелерова Гүлназ Сырым ауданы, жалпы білім беретін Көздіғара негізгі мектебі;

ІІ орын – Құрамысов Арын, Шайдоллин Жәңгірхан Жаңақала ауданы, №3 Жаңақала жалпы орта білім беретін қазақ мектебі;

ІІ орын – Даулбаев Санжар Тасқала ауданы, жалпы орта білім беретін Оян мектеп балабақша кешені;

ІІІ орын - Бозова Зарина Орал қаласы, №33 жалпы орта білім беретін мектебі;

ІІІ орын – Букенбаев Нурсултан Орал қаласы, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп --интернаты;

ІІІ орын – Ельтайұлы Нұрдаулет Бөкейордасы ауданы, А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;

Алғыс хат – Жарасқызы Айшат Орал қаласы, М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты;

Алғыс хат –Жетпісбай Мира Теректі ауданы, Шаған жалпы орта білім беретін мектебі;

Алғыс хат – Анесов Абат, Турсинов Армат Ақжайық ауданы, №1 жалпы орта білім беретін мектебі.