ББ 2020 жылғы «_____»________
№______бұйрығына
1 – қосымша
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумын қашықтықтан өткізу ережелері
- Жалпы ережелер
1.1.«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумын өткізу ережелері (бұдан әрі – Форум) оның мақсатын, міндеттерін, өткізу және каржыландыру тәртібін анықтайды.
1.2.Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.
- Форумның міндеттері:
1) қоршаған ортаны қорғау міндеттерін шешуде олардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал етуші, білім алушыларды практикалық қатысуға тарту үшін жағдай жасау;
2) білім алушылар мен педагог қызметкерлер арасында шығармашылық байланысты орнату және жұмыс тәжірибесімен алмасу;
3) еліміздің жас тұрғындарында экологиялық мәдениетті және адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелер тарапынан белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру;
4) шығармашылық міндеттердің қойылымы үшін қатысушылар тәжірибесін біріктіру, оның іске асырылуы мен шешу кезінде туындайтын қиындықтарын өткеру үшін әдістерді таңдау;
5) балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.
- Форумның өткізілетін уақыты және орны
2.1 Форум 2020 жылғы 6 -24 сәуір аралығы облыстық экологиялық – биологиялық орталығында қашықтықтан өткізіледі.
2.2 Форумға қатынасу үшін сұраныс және байқау жұмыстары 2020 жылғы 20 сәуіріне дейін e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жолдануы тиіс.
- Қатысушылар
3.1. Форумға Батыс Қазақстан облысының жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілері форумының аудандық (қалалық) кезеңдерінің жеңімпаздары (жалпы орта білім беретін мектептері, мектептен тыс мекемелер мен экологиялық патруль мүшелері) 14-16 жастағы білім алушылар 7-10 сыныптарының білім алушылары қашықтықтан байқауға қатынаса алады.
- Өткізу тәртібі және шарттары
4.1. Форум қашықтықтан өткізіледі:
бірінші кезең (іріктеу) - аудандық, қалалық;
екінші кезең – облыстық.
4.2. Екінші кезең 2020 жылғы 6 – 24 сәуір аралығында өткізіледі.
- қатысушылар туралы мәлімет (аты - жөні, туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру мекемесінің мекен-жайы, телефоны, номинация, жұмыстың атауы, ұялы телефоны).
4.3.Форумға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды, бағалау нәтижелері қатысушыларға берілмейді.
- Жұмыс мазмұны және оларды орындау техникасы
Форум келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1.«Туған өлке тарихы» номинациясы - виртуалды саяхат. Виртуалды 3D панорама: өз өлкесінің көрікті жерлері, табиғатты қорғау және қорық аумақтары, табиғат ескерткіштері, табиғат нысандары мен аумақтары туралы виртуалды сапарлармен 3D форматта (маршруттар, экскурсиялар) таныстыру. Жұмыс бағыты – SketchUp, Blender, Tinkercad.com .
2.«Жасыл экономика» номинациясы: жоба - зерттеу байқауы келесі бағыттар бойынша:
экологияны және қоршаған ортаны жақсарту, жасыл экономика, «жасыл» технологияларды қолдану;
инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және насихаттау практикасы.
3.«Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы - денсаулық сақтау саласында тәжірибелік қызметті, адам денсаулығын сақтауға бағытталған экологиялық акциялар мен табиғатты қорғау іс-шараларын, адам денсаулығына қоршаған ортаның әсерін қамтитын жобалар байқауы.
Зерттеу жобаларын қорғау байқауларына реферат (баяндама) сипатындағы жұмыстар жіберілмейді.
Бағалау өлшемдері: зерттелетін мәселелердің өзектілігі мен жаңашылдығы, жүргізілген зерттеулердің деңгейі мен көлемі, қойылған міндеттердің орындалу нәтижесі, жұмыстың практикалық маңызы, автордың қосар жеке үлесі, сөйлеу шеберлігі.
Қойылатын талаптар: таңдалған тақырыптың өзектілігі мен мазмұны, аталған зерттеу жұмысына қосар практикалық үлесі жөнінде қысқаша сиппаттама беріледі.
4.«Экоболашақ» номинациясы - көркейту, көгалдандыру бойынша жүргізілген экологиялық жұмыстар, өткізілген экологиялық акциялар, жылыжай, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік телімдер, мектеп орман шаруашылығы, бойынша видеороликтер презентациясы. Презентация – 5 минут.
Қойылатын талаптар: видеоөнім сандық тасымалдағыштарда, электронды файлдар mpeg-4, avi, mkv форматында ұсынылуы тиіс.
Видеороликте білім алушылардың, педагогтердің, ата-аналардың қатысуына, сонымен қатар аталған сұраққа стандартты емес тәсілмен қарауға, түсірілім, анимация және компьютерлік графика тәрізді визуалды ұсыну тәсілдерін, музыкалық және дыбыстық сүйемелдеуді қолдануға болады. Бағалау өлшемдері: стилистикалық шешім, практикалық қолданылымы, жасампаздығы, әлеуметтік маңыздылығы, видеоматериалдар сапасы.
5.«Жасыл оазистер» номинациясы - экодизайнерлер байқауы. Байқау жұмысы еркін стильде флористика ережесіне сәйкес табиғи - өсімдік материалдан жасалады. Композиция өлшемі 50х50 см-ден артық емес. Инертті материал қолданылуы мүмкін (20%-дан артық емес). Бағалау өлшемдері: идея, композиция, орындау техникасы, жасампаздық, практикада қолданудың шынайылылығы. Орындалған жұмыстың фотосуреттері ұсынылады (5 фотосурет). тел/факс. 50-47-97.
- Қатысушыларды марапаттау
Форумның әр номинациясы бойынша жеңімпаздар облыстық білім басқармасының грамоталары және естелік сыйлықтарымен марапатталады.
Үздік жүмыстар Fasebook, Instagram желілерінде, detzoo-zko.kz сайтына жарияланады.
- Күтілетін нәтитже
Форум жеңімпаздары 2020 жылдың 8 - 9 маусымында Тараз қаласында өтетін Республикалық кезеңге қатысады.